User Guide - Windows 10

1. Тапсырмалар тақтасының іздеу терезесіне параметры (параметрлер) сөзін теріп, Параметры
(Параметрлер) опциясын таңдаңыз.
2. Экранның төменгі оң жағында орналасқан Экран белгішесін түртіңіз. Планшеттің ағымдағы
экранын орнында құлыптау жəне оның бұруын болдырмау үшін Блокировка автоповорота
(Автоматты бұру құлпы) белгішесін түртіңіз. Автоматты бұру құлпы қосулы кезде құлып белгішесі
көрсетіледі. Автоматты бұру құлпын ажырату үшін, Блокировка
автоповорота (Автоматты бұру
құлпы) белгішесін қайта түртіңіз.
Планшеттің экран жарықтығын реттеу
Экран жарықтығын реттеу үшін:
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу терезесіне параметры (параметрлер) сөзін теріп, Параметры
(Параметрлер) опциясын таңдаңыз.
2. Экранның төменгі оң жағында орналасқан Экран белгішесін түртіңіз. Экран жарықтығын
басқаратын тік сырғытпа көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ: Сонымен қатар, Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде
орналасқан хабарландыру аймағындағы Счетчик питания (Қуат көрсеткіші) белгішесін түртіп,
Регулировать яркость
экрана (Экран жарықтығын реттеу) пəрменін таңдаңыз жəне экранның төменгі
жағындағы Яркость экрана (Экран жарықтығы) параметрінің жанындағы сырғытпаны жылжытыңыз.
Жапсырмалар
Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютер алып шетелге
саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Осы бөлімде сипатталған барлық жапсырмалар пернетақтаның астында
немесе планшеттің артында орналасады.
Сервистік жапсырма компьютерді анықтауға арналған маңызды ақпаратты қамтамасыз етеді.
Қолдау қызметімен хабарласу кезінде, сериялық нөмір, өнім нөмірі немесе модель нөмірі сұралуы
мүмкін. Қолдау қызметімен хабарласпас бұрын, бұл нөмірлерді табыңыз.
Сервистік жапсырмалар төменде көрсетілген мысалдардың біреуіне ұқсас болады. Компьютердегі
сервистік жапсырмаға ең ұқсас суретті қараңыз.
Бөлік
(1) Сериялық нөмір
(2) Өнім нөмірі
(3) Кепілдік күшінің мерзімі
(4) Модель нөмірі (тек таңдаулы өнімдерде)
Жапсырмалар 17