User Guide - Windows 10

Бір саусақпен сырғыту (сенсорлы экранда ғана)
Саусақты сырғыту қимылын панорамалау, тізімдер мен беттерді айналдыру үшін немесе нысанды
жылжыту үшін пайдаланыңыз.
Экрандық меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды экранның беті арқылы қалаған
бағытқа жылжытыңыз.
Нысанды жылжыту үшін нысанды басып ұстап тұрыңыз, да саусағыңызды апарыңыз.
Графикалық қаламды пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
Қаламның қолдануына арналған бағдарламаларда, барлық Microsoft® Office бағдарламаларында жəне
Windows жүйесінің көптеген басқа бағдарламалары мен утилиталарында қаламның көмегімен жазуға
болады. Қаламмен экранға жазылған ақпаратты қалтаға салуға, іздеуге жəне бағдарламалар арасында
ортақтасуға болады.
Қаламның құрамдас бөліктерін анықтау
Ұшы (1) экранға тигенде, қалам компьютермен əрекеттеседі. Қалам түймесі (2) басылғанда өшіргіш
ретінде қызмет етеді.
Қаламды ұстау əдісі
Қаламды қалыпты қалам немесе қарындашпен жазғандай ұстаңыз.
Графикалық қаламды пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)27