User Guide - Windows 7
1
Қош келдіңіз
Компьютерді орнатқан және тіркеген соң, зерделі қаржыландырудың ең көбін алу үшін келесі
қадамдарды орындауды ұсынамыз:
●
Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды және сымсыз желіні реттеңіз.
Қосымша ақпаратты Желіге қосылу (18-бет) бөлімінен қараңыз.
●
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңарту — вирустардан болатын зақымнан
компьютерді қорғаңыз. Бағдарламалық құрал компьютерде алдын ала орнатылып келеді.
Қосымша ақпаратты Вирусқа қарсы бағдарламаны пайдалану (62-бет) бөлімінен қараңыз.
●
Компьютермен танысу — компьютер мүмкіндіктері туралы қосымша мәлімет алыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін, Компьютермен танысу (4-бет) және Пернетақта, сенсорлы
тақтаның қимылдары және меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау (27-бет) бөлімдерін
қараңыз
.
●
Орнатылған бағдарламалық құралды табу — компьютерде алдын ала орнатылған
бағдарламалық құралдар тізімін қараңыз:
Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) тармақтарын таңдаңыз.
Компьютермен жеткізілетін бағдарламалық құралды пайдалану туралы толық ақпаратты
бағдарламалық құралдың өндірушісі берген нұсқаулардан қараңыз. Нұсқаулар
бағдарламалық құралмен бірге берілуі немесе өндірушінің веб-торабында болуы мүмкін.
●
Қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру флэш жетегін жасау арқылы қатты
дискінің сақтық көшірмесін жасаңыз. Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру
(68-бет) бөлімін қараңыз.
1










