User Guide - Windows 7

Бөлік Сипаттама
(9)
Қондыру/адаптер порты Планшетті пернетақтаға немесе қосымша қондырмаға
жалғайды.
(10)
Аудио шығыс (құлақаспап)/Аудио кіріс
(микрофон) ұясы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар,
гарнитура немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады.
Сонымен қатар, қосымша гарнитура микрофонын
қосады. Бұл ұя қосымша тек микрофон құрылғыларын
қолдамайды.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе
гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық
,
қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер
нұсқаулығын қараңыз. Пайдаланушы нұсқаулықтарына
қол жеткізу үшін, Пуск (Бастау) > Справка и
поддержка (Анықтама және қолдау) > User Guides
(Пайдаланушы нұсқаулықтары) тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, компьютер
үндеткіштері ажыратылады.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы кабелінің аудио шығыс
(құлақаспап) және аудио кіріс (микрофон) ұяларының
екеуіне сәйкес келетін 4 сымды қосқышы бар екеніне
көз жеткізіңіз.
(11)
Sim/SD картасын ашу Sim/SD карталары ұясының есігін ашу үшін
қолданылатын тесік.
(12)
SIM картасының ұясы (тек таңдаулы
үлгілерде)
SIM картасына арналған ұяшық.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл функция тек таңдаулы үлгілерде ғана
болады.
(13)
Шағын SD жад картасын оқу құрылғысы Ақпарат сақталатын, басқарылатын, ортақ
пайдаланылатын немесе ашылатын қосымша жад
карталарын оқиды.
Картаны салу үшін:
Картаның белгісі бар жағын жоғары, ал қосқыштарын
ұяға қаратып ұстаңыз, да картаны ұясына енгізіп, нық
отырғанша үстінен басыңыз.
Картаны алып тастау үшін:
Картаны шыққанша басыңыз.
(14)
Қуат түймешігі
Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу
үшін түймешікті басыңыз.
Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін
түймешікті тез басып қалыңыз.
Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен
шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен
шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда
сақталмаған ақпараттар жойылады.
6
2-тарау Компьютермен танысу