User Guide - Windows 7
Сол жағы
Бөлік Сипаттама
(1)
Дыбыс деңгейін реттеу түймешігі Планшетте үндеткіштің дыбыс деңгейін басқарады.
●
Дыбыс деңгейін жоғарылату үшін «+» белгісі бар
түймешік жағын басыңыз.
●
Дыбыс деңгейін төмендету үшін «–» белгісі бар
түймешік жағын басыңыз.
(2)
СКД бұруды құлыптау түймешігі Дисплейдің бағытының автоматты түрде өзгеруін
бекітеді.
(3)
Қондыру/адаптер порты Планшетті пернетақтаға немесе қосымша қондырмаға
жалғайды.
(4)
USB 3.0 порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер
немесе USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы
жалғанады.
ЕСКЕРТПЕ: USB порттарының түрлері туралы толық
ақпаратты USB құрылғысын пайдалану (50-бет)
бөлімінен қараңыз.
(5)
Аудио шығыс (құлақаспап)/Аудио кіріс
(микрофон) ұясы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар, гарнитура
немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен
қатар, қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұя
қосымша тек микрофон құрылғыларын қолдамайды.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе
гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық
,
қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер
нұсқаулығын қараңыз. Пайдаланушы нұсқаулықтарына
қол жеткізу үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка
(Анықтама және қолдау) > User Guides (Пайдаланушы
нұсқаулықтары) тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, компьютер
үндеткіштері ажыратылады.
пернетақта
15










