User Guide - Windows 7

Тінтуір
Сыртқы пернетақта
Bluetooth құрылғысы Bluetooth құрылғыларының дербес желісін орнатуға мүмкіндік беретін тең
дәрежелі мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Bluetooth құрылғыларының параметрлерін реттеу және
оларды пайдалану туралы ақпаратты Bluetooth бағдарламалық құралының анықтамасынан
қараңыз.
Сымсыз қондырманы (WiDock) пайдалану
Сымсыз қондырма (WiDock) компьютерді қондырғыға жалғанған құрылғылар, пернетақталар,
мониторларды және басқа дисплейлерге WiGig байланысы арқылы жалғау мүмкіндігін және
сымды желі байланыстарын қосу мүмкіндігін ұсынады
.
ЕСКЕРТПЕ: WiDock және оны жалғайтны құрылғы қатар орналасуы қажет. WiDock
қондырмасын сигналдарды бөгеуі мүмкін деген құрылғылардың артына қоюға болмайды.
WiDock қондырғысын қолдану туралы қосымша ақпаратты пайдаланушы нұсқаулығынан
қараңыз.
Сымды желіге қосылу
Сымды байланыс орнатудың 2 түрі бар: жергілікті желі (LAN) және модем арқылы қосу. LAN
байланысы желі кабелін пайдаланады және телефон кабелін пайдаланатын модемнен
жылдамдығы жоғарырақ. Кабельдің екі түрі де бөлек сатылады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғуы, өрт шығуы немесе жабдыққа зиян келтіру қатерінен
аулақ болу үшін, модем кабелін немесе телефон кабелін RJ-45 (желі) ұясына жалғамаңыз.
Жергілікті желіге (LAN) қосылу
Компьютерді тікелей үйдегі жол жоспарлағышқа (сымсыз жұмыс істеудің орнына) немесе
офистегі бұрыннан бар желіге қосу керек болса, LAN байланысын пайдаланыңыз.
LAN желісін жалғау үшін 8 істікті USB-to-RJ45 кабелі мен USB-RJ-45 aдаптері қажет.
Желі кабелін қосу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
Сымды желіге қосылу
25