User Guide - Windows 7

Сызу мүмкіндігі (тек таңдаулы үлгілерде)
Сызу экрандарда жылжытуға немесе құжаттарды жылдам қарап шығуға мүмкіндік береді.
Үш саусақты сенсорлы тақта аймағына қойып, саусақтарыңызды жоғары, төмен, сол
немесе оң жаққа қарай баяу жылжытыңыз.
Графикалық қаламды пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Қаламның қолдануына арналған бағдарламаларда, барлық Microsoft® Office бағдарламаларында
және Windows жүйесінің көптеген басқа бағдарламалары мен утилиталарында қаламның
көмегімен жазуға болады. Қаламмен экранға жазылған ақпаратты қалтаға салуға, іздеуге және
бағдарламалар арасында ортақтасуға болады.
Қаламның құрамдас бөліктерін анықтау
Ұшы (1) экранға тигенде, қалам компьютермен әрекеттеседі. (2) қалам түймесі сыртқы
тінтуірдің оң жақ түймешігінің функцияларын орындайды.
30
4-тарау Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары және меңзегіш құрылғылар арқылы
шарлау