User Guide - Windows 7
ЕСКЕРТПЕ: Еліңізге/аймағыңызға байланысты, пернетақтаның пернелері мен пернетақта
функциялары осы бөлімде сипатталғаннан өзгешелеу болуы мүмкін.
Пернелер тіркесімдерін пайдалану
Пернелер тіркесімі – fn пернесі мен esc пернесінің немесе функционалдық пернелердің
біреуінің тіркесімі.
Пернелер тіркесімін пайдалану:
▲
fn пернесін аз уақыт басыңыз, одан кейін пернелер тіркесімінің екінші пернесін басып
қалыңыз.
Пернетақталарды пайдалану
Компьютерде енгізілген сандық пернетақта болады, сондай-ақ компьютермен қосымша сыртқы
сан пернетақтасын немесе сан пернетақтасы бар қосымша сыртқы пернетақтаны да қолдануға
болады. Орнатылған сандық пернетақта туралы ақпаратты Пернелер (12-бет) бөлімінен
қараңыз
.
Енгізілген сандық пернетақтаны пайдалану
Енгізілген сандық пернетақтаны қосу және өшіру
Енгізілген сандық пернетақтаны қосу үшін fn+num lk пернелерін басыңыз. Енгізілген сандық
пернетақтаны өшіру үшін fn+num lk пернелерін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Енгізілген сандық пернетақта сыртқы пернетақта немесе сандық пернетақта
компьютерге жалғанған кезде өшірулі.
Кірістірілген сандық пернетақтадағы перне функцияларын ауыстыру
Енгізілген сандық пернетақта пернелерінің функцияларын олардың стандарты пернетақта
функциялары мен сандық пернетақта функцияларының арасында ауыстырып қосуға болады.
●
Сандық пернетақта өшірулі кезде, оның пернесінің шарлау функциясын пайдалану үшін,
пернетақта пернесін басқан кезде fn пернесін басып ұстап тұрыңыз.
●
Сандық пернетақта қосулы кезде оның пернесінің стандартты функциясын пайдалану үшін
◦
Кіші әріппен жазу үшін, fn пернесін басып, ұстап тұрыңыз.
◦
Бас әріппен жазу үшін, fn+shift пернелер тіркесімін басып, ұстап тұрыңыз.
Қосымша сыртқы сандық пернетақтаны пайдалану
Көптеген сыртқы сандық пернетақталардағы пернелер num lock қызметінің қосулы немесе
өшірулі болуына байланысты әртүрлі қызмет атқарады. (Num lock зауытта өшіріледі.)Мысалы:
●
num lock қосулы болғанда, пернетақта пернелерінің көбі сандарды тереді.
●
num lock өшірулі болғанда, пернетақта пернелерінің көбі көрсеткі, page up немесе page
down пернелері сияқты жұмыс істейді.
Сыртқы пернетақтада num lock функциясы қосулы болса, компьютердегі num lock шамы жанып
тұрады. Сыртқы пернетақтадағы num lock функциясы өшірулі болса, компьютердегі num lock
шамы сөніп тұрады.
Жұмыс істегенде, сыртқы пернетақтадағы num lock қызметін қосу немесе өшіру үшін:
32
4-тарау Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары және меңзегіш құрылғылар арқылы
шарлау










