User Guide - Windows 7

4. Запрашивать пароль (рекомендуется) (Құпия сөз сұрау (ұсынылады)) параметрін
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе ағымдағы құпия
сөзді өзгерту қажет болса, Создание или изменение пароля учетной записи
пользователя (Пайдаланушы жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту) тармағын
таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін
жасау немесе өзгерту қажет болмаған жағдайда, 5-қадамға өтіңіз.
5. Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) параметрін таңдаңыз.
Батарея қуатын пайдалану
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Пайда болуы мүмкін қауіпсіздік мəселелерін азайту үшін компьютермен
бірге жабдықталған батареяны, HP компаниясы ұсынатын ауыстыру батареясын немесе HP
компаниясынан сатып алынған үйлесімді батареяны пайдаланыңыз.
Компьютер сыртқы айнымалы ток қуатына жалғанбаған кезде ол батареяның қуатымен жұмыс
атқарады. Қуатты басқару параметрлеріне, ашылған бағдарламаларға, экранның жарықтығына,
компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға және басқа да себептерге байланысты
компьютер батареясының жұмыс мерзімі әртүрлі болады. Компьютер айнымалы ток қуатына
қосылған болса да, батареяны компьютерде сақтау батареяны зарядтайды және де қуат
берілмей қалған жағдайда жұмысты қорғайды. Компьютерде зарядталған батарея болса және
сыртқы айнымалы ток қуаты іске қосылса, компьютерден айнымалы ток адаптері
ажыратылғанда немесе айнымалы ток қуатының берілуі тоқтатылғанда
, компьютер батарея
қуатын автоматты түрде қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер айнымалы ток көзінен ажыратылғаннан кейін дисплей жарықтығы
батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін автоматты түрде төмендейді.
Зауытта пломбаланған батарея (тек таңдаулы үлгілерде)
Батареяның күйін бақылау үшін немесе батареяның заряды тез бітетін болса, Справка и
Поддержка
(Анықтама және қолдау) ішінде Battery Check (Батарея тексеру) бағдарламасын іске
қосыңыз. Батарея туралы ақпаратты ашу үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка
(Анықтама және қолдау) > Устранение неполадок (Ақаулықтарды жою) > Питание,
тепловое и механическое (Қуат, жылу және механикалық) тармақтарын таңдаңыз. Питание
(Қуат) қойыншасын ашып, одан кейін Проверка батареи (Батареяны тексеру) тармағын
таңдаңыз. Егер батареяны ауыстыру керектігі Battery Check (Батарея тексеру) бағдарламасы
арқылы анықталған болса
, НР қолдау қызметімен хабарласыңыз.
Осы құрылғыдағы батареяны (батареяларды) пайдаланушы арқылы оңай ауыстыруға болмайды.
Батареяны алу немесе ауыстыру кепілдік күшіне әсер етуі мүмкін. Егер батареяның заряды
жылдам аяқталса, қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Батареяның жарамдылық мерзімі аяқталғанда, оны үйдегі қоқыспен бірге лақтырмаңыз.
Жергілікті батарея тастау заңдары мен ережелерін орындаңыз.
Батарея туралы қосымша ақпарат табу
Анықтама және қолдау орталығында мына құралдар және батарея туралы ақпарат бар:
42
6-тарау Қуатты басқару