User Guide - Windows 7
BIOS әкімші құпия сөзін енгізу
BIOS administrator password (BIOS әкімші құпия сөзі) сұралғанда, құпия сөзді теріңіз де (құпия
сөзді орнатқанда пайдаланған пернелер түрін қолданып
) enter пернесін басыңыз. BIOS әкімші
құпия сөзі енгізу әрекеті 3 рет қатар сәтсіз болса, компьютерді қайта қосып, қайта енгізіп көру
керек.
Computer Setup DriveLock құпия сөзін басқару
ЕСКЕРТУ: DriveLock құралымен қорғалған қатты диск қолданысқа жарамай қалмау үшін,
DriveLock пайдаланушы құпия сөзін және DriveLock басты құпия сөзін компьютерден қашық
қауіпсіз жерге жазып қойыңыз. DriveLock құпия сөздерінің екеуін де ұмытсаңыз, қатты диск
құлыпталып, қолданысқа жарамай қалады.
DriveLock қорғанысы қатты диск мазмұндарын рұқсатсыз кіруден қорғайды. DriveLock қызметін
тек компьютердің ішкі қатты дискісіне
(дискілеріне) қолдануға болады. DriveLock қорғанысы
дискіге қолданылса, дискіні ашу үшін, құпия сөзді енгізу керек. DriveLock құпия сөздерімен кіру
үшін, диск компьютерге немесе қосымша порт ұзартқышына салыну керек.
ЕСКЕРТПЕ: DriveLock мүмкіндіктерін пайдалануға кіріспес бұрын, BIOS әкімшісінің құпия
сөзін орнату қажет.
DriveLock қорғанысын ішкі қатты дискіге қолдану үшін, пайдаланушы және басты құпия сөздері
Computer Setup қызметінде орнатылу керек. DriveLock қорғанысын қолдану туралы келесі
түсініктерге назар аударыңыз:
●
DriveLock қорғанысы қатты дискіге қолданылған соң, қатты дискіге тек пайдаланушы құпия
сөзін немесе басты құпия сөзді енгізу арқылы кіруге болады.
●
Пайдаланушы құпия сөзінің иегері қорғалған қатты дискінің ағымдағы пайдаланушысы
болу керек. Басты құпия сөздің иегері жүйе әкімшісі немесе ағымдағы пайдаланушы болуы
мүмкін.
●
Пайдаланушы құпия сөзі мен басты құпия сөз бірдей болуы мүмкін.
●
Пайдаланушы құпия сөзін немесе басты құпия сөзді тек DriveLock қорғанысын дискіден алу
арқылы жоюға болады. DriveLock қорғанысын дискіден тек басты құпия сөз арқылы алуға
болады.
Құпия сөздерді пайдалану
57










