User Guide - Windows 7

DriveLock қорғанысын алу
Computer Setup қызметінде DriveLock қорғанысын алу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосу және одан кейін esc пернесін басыңыз немесе, экранның төменгі
жағында "Hold the Volume Down button to enter the BIOS Startup Menu" (BIOS іске қосу
мәзірін енгізу үшін дыбысты төмендету түймесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда,
дыбыс деңгейін реттеу түймешігі ұстап тұрыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз немесе түртіңіз.
3. Меңзегіш құрылғының, көрсеткі пернелердің немесе сенсорлық экран көмегімен Security
(Қауіпсіздік) > Hard Drive Tools (Қатты диск құралдары) > DriveLock тармақтарын таңдаңыз,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4. BIOS әкімші құпиясөзін енгізіп, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
5. Меңзегіш құрылғының, көрсеткі пернелердің немесе сенсорлық экран көмегімен Set
DriveLock Password (Драйв бекіту құпия сөзін тағайындау) пәрменін таңдап, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
6. Меңзегіш құрылғының, көрсеткі пернелердің немесе сенсорлық экран көмегімен ішкі қатты
дискіні таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
7. Меңзегіш құрылғының, көрсеткі пернелердің немесе сенсорлық экран көмегімен Disable
protection (Қорғауды өшіру) пәрменін таңдаңыз.
8. Негізгі құпиясөзді теріп, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
9. Өзгерістерді сақтап Computer Setup құралынан шығу үшін, Save (Сақтау) пернесін басып,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) тармағын таңдап,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Бұл өзгертулер нәтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін көрінеді.
Computer Setup құралының автоматты DriveLock құпия сөзін пайдалану
Бірнеше пайдаланушы болғанда, автоматты DriveLock құпия сөзін орнатуға болады. Автоматты
DriveLock құпия сөзі функциясы қосылғанда, кездейсоқ пайдаланушы құпия сөзі мен DriveLock
басты құпия сөзі сіз үшін жасалады. Кез келген пайдаланушы құпия сөз куәлігін тапсырғанда,
диск құлпын ашу үшін, сол кездейсоқ пайдаланушы және DriveLock басты құпия сөзі
қолданылады
.
ЕСКЕРТПЕ: Автоматты DriveLock мүмкіндіктерін пайдалануға кіріспес бұрын, BIOS әкімші
құпия сөзі сізде болуы тиіс.
Автоматты DriveLock құпия сөзін енгізу
Computer Setup қызметінде Автоматты DriveLock құпия сөзі функциясын қосу үшін, келесі
қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе, компьютерді қайта іске қосыңыз және одан кейін esc
пернесін басыңыз немесе, экранның төменгі жағында "Hold the Volume Down button to enter
Құпия сөздерді пайдалану
61