User Guide - Windows 7

HP Client Security Manager пайдалану
HP Client Security Manager бағдарламалық құралы кейбір компьютер үлгілерінде алдын ала
орнатылып келеді. Бұл бағдарламалық құралды Windows басқару тақтасынан ашуға болады.
Оның қауіпсіздік мүмкіндіктері компьютер, желілер мен өте маңызды деректерге рұқсатсыз
кіруден қорғайды
. Қосымша ақпаратты HP Client Security бағдарламалық құралының
анықтамасынан қараңыз.
Саусақ ізін оқу құрылғысын қолдану (тек таңдаулы
модельдерде)
Ішкі саусақ ізін оқу құрылғылары тек таңдаулы үлгілерде қолжетімді болады. Саусақ ізін оқу
құралын пайдалану үшін, саусақ ізін HP Client Security бағдарламасының Credential Manager
құралында тіркеу қажет. HP Client Security бағдарламалық құралының анықтамасын қараңыз.
Саусақ ізін Credential Manager құралында тіркегеннен кейін, қолдау көрсетілетін веб-
тораптарда және бағдарламаларда пайдаланушы аттары мен құпия сөздерін сақтау және жазу
үшін, HP Client Security бағдарламасының Password Manager құралын пайдалана аласыз.
Саусақ ізін оқу құрылғысының орналасуы
Саусақ ізін оқу құрылғысы компьютердің төмендегі жерлерінде орналасқан кішкендей темір
сенсор:
Сенсорлы тақтаның төменгі жағының қасында
Пернетақтаның оң жағында
Дисплейдің оң жақ жоғарғы бұрышында
Дисплейдің сол жағында
Компьютердің үлгісіне байланысты оқу құрылғысы көлденең немесе ұзыннан бағытталуы
мүмкін. Оның екі түрі де саусағыңызды металды сенсордың үстіне тігінен тигізуіңізді талап
етеді. Компьютеріңіздегі саусақ ізін оқу құрылғысының орны туралы ақпаратты Компьютермен
танысу (4-бет) бөлімінен қараңыз.
64
8-тарау Қауіпсіздік