User Guide - Windows 7
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің бетін тазалау кезінде, ластануды және қоқымдарды кетіру үшін
айналма қозғалыстар жасаңыз.
Сенсорлы тақта, пернетақта немесе тінтуірді тазалау
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ішкі бөлшектерінен ток соғуды болдырмай немесе ішкі бөліктеріне зақым
келтірмей тазалау үшін шаңсорғышты қолданбаңыз. Шаңсорғышты қолданғанда пернетақта
бетіне тұрмыстық қалдықтар жиналып қалуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ: Ішкі бөліктерді зақымдамау үшін, сұйықтықтардың пернелер арасына тамшылап
түсуіне жол бермеңіз.
●
Сенсорлы тақта, пернетақта немесе тінтуірді тазалау үшін, бұрын аталған тазалау
сұйықтықтарының біреуіне суланған жұмсақ микроталшық матаны
, күдеріні немесе бір рет
пайдаланылатын бір рет қолданылатын майлықты пайдаланыңыз.
●
Пернелердің жабысып қалуын болдырмай, пернетақтадан шаңды, талшықтарды және
қоқымдарды кетіру үшін түтігі бар қаңылтыр бөтелкедегі қысылған ауаны пайдаланыңыз.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту
НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде соңғы нұсқалармен жаңартуды
ұсынады. Жаңартулар мәселелерді шешіп, компьютерге жаңа мүмкіндіктер мен опциялар қосуы
мүмкін. Технологиялар әрдайым жаңарып отырады, сондықтан, бағдарламалар мен дискілерді
жаңарту компьютерге ең соңғы технологиялармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді
. Мысалы,
ескі графикалық құрамдас бөліктер ең соңғы ойын ойнау бағдарламалық құралдарымен дұрыс
жұмыс істемеуі мүмкін. Ең соңғы диск нұсқасы болмаса, жабдықтың барлық мүмкіндіктерін
пайдалана алмайсыз.
HP бағдарламалары мен дискілерінің ең соңғы нұсқаларын жүктеп алу үшін, http://www.hp.com/
support торабына өтіңіз. Бұған қоса, жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты
түрде алу үшін тіркеліңіз.
SoftPaq Download Manager құралын пайдалану
HP SoftPaq Download Manager (SDM) құралы НР бизнес компьютерлері үшін SoftPaq ақпаратын
SoftPaq нөмірін енгізбестен жылдам ашуға мүмкіндік береді. Бұл құралды пайдалану арқылы
SoftPaq файлдарын оңай тауып, оларды жүктеп ашуға болады.
SoftPaq Download Manager құралы HP FTP веб-торабында орналасқан компьютер үлгісі мен
SoftPaq ақпараты бар дерекқор файлын оқып, оны жүктейді. SoftPaq Download Manager құралы
жүктеуге болатын
SoftPaq файлын анықтау үшін бір немесе бірнеше компьютер үлгісін
көрсетуге мүмкіндік береді.
SoftPaq Download Manager құралы HP FTP веб-торабында дерекқор немесе бағдарламалық
құралдың жаңартулары бар-жоқтығын тексереді. Егер жаңартулар табылған болса, олар
жүктеліп, автоматты түрде қолданылады.
SoftPaq Download Manager құралын HP веб-торабынан жүктеп алуға болады. SoftPaq Download
Manager
құралын SoftPaq файлдарын жүктеп алуға пайдалану үшін, алдымен бағдарламаны
жүктеп орнатуыңыз тиіс. http://www.hp.com/go/sdm мекенжайына кіріп, нұсқауларды орындап,
SoftPaq жүктеу қолданбасын жүктеп, орнатыңыз.
SoftPaq файлдарын жүктеп алу үшін
66
9-тарау Күтім










