User Guide - Windows 7

10
Сақтық көшірме жасау және қалпына
келтіру
Ақпаратыңызды қорғауға және қажет болса қалпына келтіруге көмектесетін НР және Windows
құралдары компьютерде бар. Бұл құралдар компьютерді оның дұрыс жұмыс күйіне оңай
келтіруге көмектеседі. Бұл бөлімде келесі процестер туралы ақпарат беріледі:
Қалпына келтіру медиасын және сақтық көшірмелерді жасау
Жүйені бастапқы күйіне немесе қалпына келтіру
Қалпына келтіру медиасын және сақтық көшірмелерді
жасау
Жүйе ақаулығынан кейін жүйені қалпына келтіру және тек жақын арада жасалған сақтық
көшірме бірдей нәтиже береді.
1. Компьютер параметрлерін сәтті орнатқаннан кейін, НР қалпына келтіру медиасын жасаңыз.
Бұл кезеңде Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісі және Драйверді қалпына келтіру
DVD дискісі жасалады. Windows DVD дискісін тұпнұсқалық амалдық жүйені қатты диск
зақымдалған немесе ауыстырылған жағдайда қайта орнату үшін пайдалануға болады.
Драйверді қалпына келтіру DVD дискісінен арнайы драйверлер және бағдарламалар
орнатылады
. HP Recovery Disc Creator көмегімен қалпына келтіру дискісін жасау
(69-бет) бөлімін қараңыз.
2. Windows сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру құралдарын мына әрекеттерді
орындау үшін пайдаланыңыз:
Жеке файлдар мен қалталардың сақтық көшірмелерін жасау;
Бүкіл қатты дисктің сақтық көшірмесін жасау (тек таңдаулы үлгілерде);
Орнатылған оптикалық диск жетегін (тек таңдаулы үлгілерде) немесе қосымша
сыртқы оптикалық диск жетегін пайдаланып жүйені жөндеу дисктерін жасау;
Жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл нұсқаулықта сақтық көшірме жасау, бастапқы қалпына келтіру және қалпына
келтіру мүмкіндіктері туралы шолу беріледі. Берілетін құралдар туралы қосымша толық
ақпаратты Анықтама және қолдау орталығында қараңыз. Анықтама және қолдау орталығына
кіру үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Жүйе тұрақсыз болса, HP компаниясы қалпына келтіру процедураларын басып
шығаруды және кейін пайдалану үшін сақтап қоюды ұсынады.
Жүйе істемей қалғанда, компьютердің мазмұнын сақтық көшірме файлдарымен қалпына
келтіруге болады. Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау (69-бет) бөлімін қараңыз.
Нұсқаулар
Қалпына келтіру медиасын жасау немесе сақтық көшірмені дискіде сақтау кезінде мына
диск түрлерін (бөлек сатылады) пайдаланыңыз: DVD+R, DVD+R DL, DVD-R, DVD-R DL
68
10-тарау Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру