User Guide - Windows 7
11
Computer Setup (BIOS), MultiBoot және
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)
Computer Setup пайдалану
Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс
құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер)
арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың
параметрлері, компьютердің жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі
қамтылған
.
ЕСКЕРТПЕ: Computer Setup қызметінде өзгерістер жасағанда, ерекше назар аудару керек.
Қателер компьютердің дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.
Computer Setup қызметін бастау
ЕСКЕРТПЕ: USB портына жалғанған сыртқы пернетақта немесе тінтуірді Computer Setup
құралымен тек USB функциясын қолдау қосылып тұрған жағдайда қолдануға болады.
Computer Setup қызметін бастау үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе, компьютерді қайта іске қосыңыз және одан кейін esc
пернесін басыңыз немесе, экранның төменгі жағында "Hold the Volume Down button to enter
the BIOS Startup Menu" (BIOS
іске қосу мәзірін енгізу үшін дыбысты төмендету түймесін
басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, дыбыс деңгейін реттеу түймешігі басып ұстап
тұрыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз немесе түртіңіз.
Computer Setup қызметінде шарлау және таңдау
Computer Setupқызметінде шарлау және таңдау үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе, компьютерді қайта іске қосыңыз және одан кейін esc
пернесін басыңыз немесе, экранның төменгі жағында "Hold the Volume Down button to enter
the BIOS Startup Menu" (BIOS іске қосу мәзірін енгізу үшін дыбысты төмендету түймесін
басыңыз
) хабары көрсетіліп тұрғанда, дыбыс деңгейін реттеу түймешігі басып ұстап
тұрыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Computer Setup қызметінде шарлау және таңдау үшін көрсеткі құрылғысын
(TouchPad, көрсеткі таяқшасын немесе USB тінтуірін) немесе пернетақтаны қолдануға
болады.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз немесе түртіңіз.
74
11-тарау Computer Setup (BIOS), MultiBoot және HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)










