User Guide - Windows 7

Мәзірді немесе мәзір пәрменін таңдау үшін, tab пернесін және пернетақтаның көрсеткі
пернелерін пайдаланыңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз немесе пәрменді таңдау
үшін меңзегіш құрылғыны пайдаланыңыз.
Жоғары не төмен жылжу үшін, экранның жоғары оң жақ бұрышындағы жоғары не
төмен көрсеткілерді нұқыңыз немесе пернетақтадағы жоғары не төмен көрсеткі
пернелерін басыңыз
.
Ашық тілқатысу терезелерін жауып, негізгі Computer Setup экранына оралу үшін, esc
пернесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Computer Setup мәзірлерінен шығу үшін, төмендегі әдістердің біреуін қолданыңыз:
Өзгертулерді сақтамай Computer Setup мәзірлерінен шығу үшін, мына әрекеттер
орындаңыз
:
Экранның төменгі оң жақ бұрышында орналасқан Exit (Шығу) белгішесін басып, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Main (Негізгі) > Ignore Changes and Exit (Өзгерістерді елемей шығу) тармағын таңдап,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Енгізілген өзгертулерді сақтау және Computer Setup мәзірлерінен шығу үшін
Экранның төменгі оң жақ бұрышында орналасқан Save (Сақтау) белгішесін басып,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) тармағын таңдап,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Бұл өзгертулер нәтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін көрінеді.
Computer Setup қызметінде зауыт параметрлерін қалпына келтіру
ЕСКЕРТПЕ: Әдепкі параметрлерді қалпына келтіру қатты диск режимін өзгертпейді.
Computer Setup қызметіндегі барлық параметрлерді зауытта орнатылған мәнге қайтару үшін,
төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе, компьютерді қайта іске қосыңыз және одан кейін esc
пернесін басыңыз немесе, экранның төменгі жағында "Hold the Volume Down button to enter
the BIOS Startup Menu" (BIOS іске қосу мәзірін енгізу үшін дыбысты төмендету түймесін
басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, дыбыс деңгейін реттеу түймешігі басып ұстап
тұрыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз немесе түртіңіз.
3. Меңзегіш құрал, көрсеткі пернелер немесе сенсорлық экран көмегімен Main (Негізгі) >
Restore Defaults (Әдепкі параметрлерді қалпына келтіру) тармақтарын таңдаңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
5. Өзгертулерді сақтап шығу үшін, экранның төменгі оң жақ бұрышында орналасқан Save
(Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Computer Setup пайдалану
75