User Guide - Windows 7

Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) тармағын таңдап,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Бұл өзгертулер нәтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін көрінеді.
ЕСКЕРТПЕ: Зауыт параметрлерін қалпына келтіргенде, құпия сөз және қауіпсіздік
параметрлері өзгермейді.
BIOS жүйесін жаңарту
BIOS жүйесінің жаңартылған нұсқалары HP веб-торабында бар болуы мүмкін.
BIOS жүйесінің жаңарту файлдарының көбі HP веб-торабында
SoftPaq
деп аталатын қысылған
файлдарына салынған.
Кейбір жүктеп алу бумаларының файлды орнату және ақаулықтарды жою туралы ақпарат
беретін Readme.txt деп аталатын файлдары бар.
BIOS жүйесінің нұсқасын анықтау
Қолжетімді BIOS жаңартулары ішінде компьютерде орнатылған BIOS нұсқасынан кейінгі
нұсқаларының барлығын анықтау үшін орнатылған BIOS жүйесінің нұсқасын білу керек.
BIOS нұсқасының ақпаратын (
ROM date
(ROM күні) және
System BIOS
) (BIOS жүйесі) деп те
аталады) fn+esc пернелерін басу (Windows жүйесінде болған жағдайда) немесе Computer Setup
утилитасын ашу арқылы көрсетуге болады.
1. Computer Setup қызметін қосыңыз.
2. Меңзегіш құрал, көрсеткі пернелер немесе сенсорлық экран көмегімен Main (Негізгі) >
System Information (Жүйе ақпараты) тармақтарын таңдаңыз.
3. Өзгертулерді сақтамай, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі оң жақ
бұрышында орналасқан Exit (Шығу) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Main (Негізгі) > Ignore Changes and Exit (Өзгерістерді елемей шығу) тармағын таңдап,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
BIOS жүйесі жаңартуын жүктеп алу
ЕСКЕРТУ: Компьютердің зақымдану немесе сәтсіз орнатылу қаупін азайту үшін, компьютер
айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне қосылған кезде ғана BIOS жүйесі
жаңартуын жүктеп алып, орнатыңыз. Компьютер батареялы қуатымен жұмыс жасағанда немесе
қосымша қорек көзіне қосулы болғанда BIOS жаңартуын жүктеп алмаңыз немесе орнатпаңыз.
Жүктеп алу және орнату кезінде осы нұсқауларды орындаңыз:
Компьютерді айнымалы ток көзінен ажыратқан кезде қуат сымын тартпаңыз.
Компьютердің жұмысын аяқтамаңыз немесе компьютерде ұйқылық күйді қоспаңыз.
Ешбір құрылғы, кабель немесе сымды кірістірмеңіз, шығармаңыз, жалғамаңыз немесе
ажыратпаңыз.
76
11-тарау Computer Setup (BIOS), MultiBoot және HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)