User Guide - Windows 7
Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) тармағын таңдап,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
MultiBoot Express таңдаулы параметрлерін енгізу
Express Boot мәзірі басталу кезінде экранда көрсетіліп тұрғанда, мына әрекеттерді орындауға
болады:
●
Express Boot мәзірінде жүктеу құрылғысын анықтау үшін, берілген уақыт ауқымын
таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
●
Компьютердің ағымдағы MultiBoot параметріне өтпеуі үшін, берілген уақыт аяқталғанша
кез келген пернені басыңыз. Компьютер жүктеу құрылғысы таңдалып, enter пернесі
басылғанша басталмайды.
●
Компьютердің ағымдағы MultiBoot параметрлеріне сәйкес басталуы үшін, берілген уақыт
аяқталғанша күте тұрыңыз.
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану (тек
таңдаулы үлгілерде)
HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі
(UEFI). Бұл құрал компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау
үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің
сыртында жұмыс істейді және амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар
бөліктері туындауы мүмкін аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді.
HP PC Hardware Diagnostics UEFI пайдалану үшін
1. Компьютерді қосу немесе өшіріп қайта бастау үшін esc пернесін, одан кейін f2 пернесін
басыңыз.
f2 пернесі басылғаннан кейін, BIOS бағдарламасы HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)
құралдарын үш орында төмендегі тәртіпте іздейді:
а. Қосылған USB диск жетегі
ЕСКЕРТПЕ: HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB диск жетегіне жүктеу
туралы ақпаратты HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB құрылғысына
жүктеу (80-бет) бөлімінен қараңыз.
ә. Қатты диск
б.
BIOS
2. Көрсеткі пернелердің көмегімен орындалатын диагностикалық сынақтың түрін таңдаңыз
және экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер орындалып тұрған диагностикалық сынақты тоқтату қажет болса, esc
пернесін басыңыз.
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB құрылғысына жүктеу
ЕСКЕРТПЕ: HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын жүктеу жөнінде нұсқаулар ағылшын
тілінде ғана беріледі.
80
11-тарау Computer Setup (BIOS), MultiBoot және HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)










