Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2015 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады және оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel және Centrino – Intel корпорациясының АҚШ-тағы және басқа елдердегі сауда белгілері. Java – Sun Microsystems, Inc корпорациясының АҚШтағы сауда белгісі. Microsoft және Windows – Microsoft компаниялар тобының АҚШ-та тіркелген сауда белгілері. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................... 1 Ақпаратты табу .................................................................................................................................... 2 2 Компьютермен танысу .................................................................................................................................. 4 Жақтағы планшет бөліктері ........
Сымсыз қондырманы (WiDock) пайдалану ..................................................................... 24 Сымды желіге қосылу ....................................................................................................................... 24 Жергілікті желіге (LAN) қосылу ...................................................................................... 24 4 Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары және меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау ........... 26 Меңзегіш құрылғыларды пайдалану ..........
Компьютерде аудио функцияларын тексеру ................................................................. 36 Веб-камера ........................................................................................................................................ 37 Бейне ................................................................................................................................................. 37 DisplayPort (тек пернетақта) .....................................................................
Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану ................................................................................... 52 Қосымша сыртқы дискілерді пайдалану ........................................................................ 52 8 Қауіпсіздік .................................................................................................................................................... 53 Компьютерді қорғау ..........................................................................................
Windows амалдық жүйесінің дискісін (бөлек сатылады) пайдалану ............................ 70 Windows жүйесін жаңарту немесе Windows жүйесін қалпына келтіру мүмкіндіктерін пайдалану ............................................................................................... 71 HP Software Setup утилитасын пайдалану ..................................................................... 71 11 Computer Setup (BIOS), MultiBoot және HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) .........................................
Бағдарламалық құрал дұрыс жұмыс істемей тұр ........................................................... 87 Компьютер қосулы, бірақ жауап бермейді ..................................................................... 87 Компьютер әдеттен тыс қызып кетеді ............................................................................ 87 Сыртқы құрылғы жұмыс істемейді .................................................................................. 88 Сымсыз желі байланысы жұмыс істемейді .......................
1 Қош келдіңіз Компьютер параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына әрекеттерді орындаңыз: ЕСКЕРТПЕ: Компьютерде планшет қана немесе планшет және пернетақта болуы мүмкін. Компьютердің түсі, функциялары мен керек-жарақтары басқаша болуы мүмкін. Компьютерге дәл сәйкес осы нұсқаулықтағы суреттерді қараңыз. КЕҢЕС: Ашық тұрған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен компьютердің бастау экранына жылдам оралу үшін, пернетақтадағы Windows пернесін басыңыз.
Ақпаратты табу Компьютерді іске қосып, осы нұсқаулықты табу үшін, Параметрлерді орнату нұсқаулары бөлімін пайдаланыңыз. Өнім туралы егжей-тегжейлі деректерді, практикалық нұсқаулық ақпаратын және қосымша мәліметтерді қамтамасыз ететін ресурстарды табу үшін, мына кестені қараңыз.
Құралдар Берілетін ақпарат Нұсқаулыққа қол жеткізу үшін бастау экранында HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) бағдарламасын таңдап, Мой компьютер (Компьютерім) пәрменін, одан кейін Гарантия и сервисы (Кепілдік және қызметтер) пәрмендерін таңдаңыз. – немесе – http://www.hp.com/go/orderdocuments веб-торабына өтіңіз.
2 Компьютермен танысу Жақтағы планшет бөліктері Бөлік Сипаттама (1) Iшкі микрофон Дыбысты жазады. (2) Желдеткіштер Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай. (3) Веб-камера (артқы жағы) Бейнені жазады және фотосуретке түсіреді.
Бөлік Сипаттама Сенсорлы экранның оң жақ жиегін сипап шебер түймелерді шығарып алыңыз, Параметры (Параметрлер) пәрменін таңдаңыз, экран таңбасын түртіңіз, одан кейін авто-айналдыру таңбасын түртіңіз. Авто-айналдыру құлпын ашу үшін, авто-айналдыру белгішесін қайта түртіңіз. (6) Дыбыс деңгейін реттеу түймешігі Планшетте үндеткіштің дыбыс деңгейін басқарады. ● Дыбыс деңгейін жоғарылату үшін «+» белгісі бар түймешік жағын басыңыз. ● Дыбыс деңгейін төмендету үшін «–» белгісі бар түймешік жағын басыңыз.
Бөлік Сипаттама Картаны шыққанша басыңыз. (14) Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған ақпараттар жойылады.
Дисплей Бөлік Сипаттама (1) WLAN антеннасы* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді және қабылдайды. (2) WWAN антенналары (2)* Сымсыз ғаламдық желімен (WWAN) байланыс жасау мақсатында сымсыз сигналдарды жібереді және қабылдайды. (3) Веб-камера шамы Қосулы: веб-камера қолданылуда. (4) Веб-камера Бейнені жазады және фотосуретке түсіреді.
Бөлік Сипаттама ЕСКЕРТПЕ: Windows пернесі қайта басылған кезде, алдыңғы экран ашылады. *Бұл антенналар компьютердің сыртынан көрінбейді. Жақсы таратылым үшін антенналардың айналасындағы аймақтарды тез арада кедергілерден тазалаңыз. Сымсыз байланыс ережелері туралы ескертулерді еліңізге немесе аймағыңызға қатысты қолданылатын Заңдық, қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер нұсқаулығынан қараңыз.
Сенсорлы тақта Бөлік (1) Сипаттама Сенсорлы тақта аймағы Меңзерді жылжыту немесе экрандағы элементтерді ашу үшін саусақпен орындалатын қимылдарды оқиды. ЕСКЕРТПЕ: Сенсорлы тақта жиектен жүргізу қимылдарын да қолдайды. Қосымша ақпаратты Жиектерді сипау (тек таңдаулы үлгілерде) (29-бет) бөлімінен қараңыз. (2) Сол жақ сенсорлы тақта түймешігі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. (3) Оң жақ сенсорлы тақта түймесі Сыртқы тінтуірдің оң жақ түймесі сияқты жұмыс істейді.
Шамдар Бөлік Сипаттама (1) Caps lock шамы ● Қосулы: пернелердің барлығын бас әріп ететін «Caps lock» пернесі басылған. (2) Сенсорлы тақта шамы ● Қосулы: сенсорлы тақта өшірулі. ● Өшірулі: сенсорлы тақта қосулы. ● Сары: компьютер дыбысы өшірулі. ● Өшірулі: компьютер дыбысы қосулы. ● Сары: микрофон дыбысы өшірулі. ● Өшірулі: микрофон дыбысы қосулы.
Пернелер Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) Функциялық пернелер fn пернесімен бірге басылған кезде, жиі қолданылатын жүйе функцияларын орындайды. ЕСКЕРТПЕ: Функциялық пернелер планшеттің экрандық пернетақтасында көрсетілмейді және жұмыс істемейді. (3) num lock пернесі fn пернесімен бірге басылғанда, орнатылған сандар пернетақтасын қосады және сөндіреді.
Оң жағы Бөлік Сипаттама (1) Iшкі микрофон Дыбысты жазады. (2) Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған ақпараттар жойылады.
Бөлік Сипаттама Картаның белгісі бар жағын жоғары, ал қосқыштарын ұяға қаратып ұстаңыз, да картаны ұясына енгізіп, нық отырғанша үстінен басыңыз. Картаны алып тастау үшін: Картаны шыққанша басыңыз. (4) SIM картасының ұясы (тек таңдаулы үлгілерде) SIM картасына арналған ұяшық. ЕСКЕРТПЕ: болады. Бұл функция тек таңдаулы үлгілерде ғана (5) SIM/SD картасын шығару Sim/SD карталары ұясының есігін ашу үшін қолданылатын тесік. (6) USB 3.
Сол жағы Бөлік (1) Сипаттама Дыбыс деңгейін реттеу түймешігі Планшетте үндеткіштің дыбыс деңгейін басқарады. ● Дыбыс деңгейін жоғарылату үшін «+» белгісі бар түймешік жағын басыңыз. ● Дыбыс деңгейін төмендету үшін «–» белгісі бар түймешік жағын басыңыз. (2) СКД бұруды құлыптау түймешігі Дисплейдің бағытының автоматты түрде өзгеруін бекітеді. (3) Қондыру/адаптер порты Планшетті пернетақтаға немесе қосымша қондырмаға жалғайды. (4) USB 3.
Бөлік Сипаттама ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы кабелінің аудио шығыс (құлақаспап) және аудио кіріс (микрофон) ұяларының екеуіне сәйкес келетін 4 сымды қосқышы бар екеніне көз жеткізіңіз. (6) Смарт карта оқу құралы Қосымша смарт-карталарға қолдау көрсетеді. Планшетті пернетақтадан босату Планшетті пернетақтадан босату үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз: ЕСКЕРТУ: Жалғау ұясы зақымының алдын алу үшін планшет пернетақтадан ажыратылған кезде қосқышты ұстамаңыз. 1. Пернетақтада орналасқан босату ысырмасын басыңыз (1).
1. Планшет көрінісін альбомдық бағдардан портреттік бағдарға өзгерту үшін: Планшетті тігінен ұстап, оны 90 градусқа оң жаққа (сағат тілімен бағыттас) бұрыңыз. 2. Планшет көрінісін портреттік бағдардан альбомдық бағдарға өзгерту үшін: Планшетті тігінен ұстап, оны 90 градусқа сол жаққа (сағат тіліне қарсы бағытпен) бұрыңыз.
3 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған вебтораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі. Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Сымсыз байланыс түймешігін пайдалану Үлгісіне байланысты компьютерде сымсыз байланыс түймешігі, бір немесе бірнеше сымсыз құрылғы және бір не екі сымсыз байланыс шамы болады. Компьютердегі сымсыз құрылғылардың барлығы зауытта қосылады, сондықтан, компьютер қосылғанда, сымсыз байланыс шамы өшірулі болады. Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін анықтайды. Егер сымсыз байланыс шамы жанып тұрса, кем дегенде бір сымсыз құрылғы қосылған.
● Корпоративтік немесе жалпы WLAN желісі сияқты кең ауқымды WLAN жүйесі әдетте, көптеген компьютерлер мен қосалқы құралдарды қамтамасыз етіп, критикалық желі функцияларын бөле алатын, сымсыз кіру нүктелерін пайдаланады.
WLAN желісін орнату WLAN құрылғысын орнату және Интернетке қосылу үшін, төмендегі жабдық қажет: ● Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) және Интернет провайдерінен сатып алынған жоғары жылдамдықты интернет қызметі ● Сымсыз жол жоспарлағыш (2) (бөлек сатылады) ● Сымсыз компьютер (3) ЕСКЕРТПЕ: Кейбір модемдердің ішіне жол жоспарлағышы орнатылады. Интернет провайдерінен модем түрінің қайсысын пайдаланатындығын сұраңыз.
құралда да, жабдықта да жұмыс істейді. Кейбір желілер екі түрін де біріктіріп пайдаланады. ● Сымсыз шифрлауды қолданыңыз. Сымсыз шифрлау желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау және шифрын ашу үшін қауіпсіздік параметрлерін қолданады. Қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз. Бастау экранынан HP Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін, HP Support Assistant белгішесін таңдаңыз. WLAN желісіне қосылу WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1.
етеді. НР мобильді кең жолақты желісінің қамту аясы ұялы телефон дауысының қамту аясымен бірдей. Мобильді желілер оператор қызметімен бірге қолдану кезінде НР Мобильді кең жолақты модулі саяхат жасау барысында немесе Wi-Fi таратқыштарының қамту аясының сыртында болу кезінде Интернетке қосылу, электрондық пошта арқылы хабарлама жіберу немесе корпоративтік желіге қосылу мүмкіндігін береді.
6. SIM картасын SIM ұясына салып, ол өз орнында тығыз түскенше SIM картасын оның ұясына жайлап басыңыз. ЕСКЕРТПЕ: мүмкін. Компьютердің SIM картасы осы бөлімдегі суреттегіден сәл өзгешелеу болуы 7. Sim/MicroSD ұясының қақпағын орнына салыңыз. 8. Сыртқы қуатты қайтадан қосыңыз. 9. Сыртқы құрылғыларды қайтадан қосыңыз. 10. Компьютерді қосыңыз. SIM картасын шығарып алу үшін картаны басып, оны ұясынан шығарып алыңыз.
Bluetooth құрылғысы Bluetooth құрылғыларының дербес желісін орнатуға мүмкіндік беретін тең дәрежелі мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Bluetooth құрылғыларының параметрлерін реттеу және оларды пайдалану туралы ақпаратты Bluetooth бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
2. Желілік кабелдің екінші ұшын желінің қабырға ұясына (2) немесе жол жоспарлағышқа жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Желі кабелінің теледидар мен радио кедергілерінен қорғайтын кедергілерді басу схемасы (3) бар болса, кабельдің осы схема орналасқан ұшын компьютерге қарай бағыттаңыз.
4 Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары және меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау Бұл компьютер сенсорлы тақтаның қимылдарын, графикалық қалам (тек таңдаулы үлгілерде) немесе пернетақта мен тінтуірді пайдалану арқылы экранда оңай жылжу мүмкіндігін береді. Қимылдар компьютердің сенсорлы тақтасында немесе сенсорлы экранда орындалады. Кейбір компьютер үлгілерінде жиі жасалатын тапсырмаларды орындауға арналған арнайы әрекет пернелері немесе функциялық пернелер болады.
Жылжу Жылжу қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет әрекет. ● Екі саусақты сенсорлы тақта аймағына арасын алшақ қойып, одан кейін оларды жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай жылжытыңыз. 2 саусақ көмегімен қысып масштабтау Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылдары суреттерді немесе мәтінді кішірейтуге немесе үлкейтуге мүмкіндік береді. ● Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағына бірге қойып, олардың арасын ашыңыз.
2 саусақпен басу 2 саусақпен басу экрандағы нысан үшін мәзір таңдауларын жасауға мүмкіндік береді. ЕСКЕРТПЕ: ● 2 саусақпен басу қимылын пайдалану – тінтуірдің оң түймесін басу сияқты әрекет. Сенсорлы тақта аймағына екі саусақты қойып, таңдалған нысанның опциялар мәзірін ашу үшін басыңыз. Айналдыру (тек таңдаулы үлгілерде) Айналдыру мүмкіндігі фотосурет сияқты элементтерді бұруға мүмкіндік береді. ● 28 Сол сұқ саусақты сенсорлы тақта аймағында тіреңіз. Оң сұқ саусақты сағат тілімен 90 градус жүргізіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Айналдыру қимылы нысан немесе кескінді жылжытуға болатын арнайы бағдарламаларға арналған. Бұл қимыл барлық бағдарламаларда жұмыс істемеуі мүмкін. Жүргізіп өту (тек таңдаулы үлгілерде) Жүргізіп өту экрандарда жылжуға немесе құжаттарды жылдам қарап шығуға мүмкіндік береді. ● Сенсорлы тақта аймағына үш саусақты қойып, жеңіл, жылдам қозғалыспен саусақтарыңызды жоғары, төмен, солға немесе оңға жүргізіп өтіңіз.
Сол жақ жиекті сипау Сол жақ жиекті сипау арқылы жақында ашылған бағдарламалар тізімін көрсетіп, оларға жылдам ауыса аласыз. Жақында ашылған қолданбалар арасында қозғалу үшін саусағыңызбен сенсорлы тақтаның сол жақ жиегінен сипап өтіңіз. ● Бағдарламалар арасында ауысу үшін сенсорлы тақтаның сол жақ жиегінен саусағыңызды сырғытыңыз. Саусақты үстіңгі жиектен жылжыту Саусақты үстіңгі жиектен жылжыту арқылы бағдарламаларды өзгертуге мүмкіндік беретін бағдарламаларды басқару опциялары көрсетіледі.
● Бағдарламаларды басқару опцияларын көрсету үшін саусақты үстіңгі жиектен ақырын жылжытыңыз. Сенсорлы экран іс-қимылдарын пайдалану Сенсорлы экраны бар компьютер экрандағы элементтерді саусақтар арқылы тікелей басқаруға мүмкіндік береді. КЕҢЕС: Сенсорлы экраны бар компьютерде қимылдарды экранда немесе сенсорлы тақтада орындауға болады. Сонымен қатар, сенсорлы экрандағы әрекеттерді пернетақта мен тінтуір көмегімен жүзеге асыруға болады. Сенсорлы экранның таңдаулы параметрлерін орнату Режим Қадамдар 1.
Графикалық қаламды пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Қаламның қолдануына арналған бағдарламаларда, барлық Microsoft® Office бағдарламаларында және Windows жүйесінің көптеген басқа бағдарламалары мен утилиталарында қаламның көмегімен жазуға болады. Қаламмен экранға жазылған ақпаратты қалтаға салуға, іздеуге және бағдарламалар арасында ортақтасуға болады. Қаламның құрамдас бөліктерін анықтау Ұшы (1) экранға тигенде, қалам компьютермен әрекеттеседі.
ЕСКЕРТПЕ: Еліңізге/аймағыңызға байланысты, пернетақтаның пернелері мен пернетақта функциялары осы бөлімде сипатталғаннан өзгешелеу болуы мүмкін. Windows жүйесінің пернелер тіркесімдерін пайдалану Windows жүйесі әрекеттерді жылдам орындау үшін пернелер тіркесімдерін қамтамасыз етеді. Арнайы әрекетті орындау үшін, Windows пернесінің өзін немесе арнайы пернемен бірге басыңыз. Жылдам пернелерді анықтау Пернелер тіркесімі — fn пернесі мен esc пернесінің немесе функционалдық пернелердің бірінің тіркесімі.
● num lock қосулы болғанда, пернетақта пернелерінің көбі сандарды тереді. ● num lock өшірулі болғанда, пернетақта пернелерінің көбі көрсеткі, page up немесе page down пернелері сияқты жұмыс істейді. Сыртқы пернетақтада num lock функциясы қосулы болса, компьютердегі num lock шамы жанып тұрады. Сыртқы пернетақтадағы num lock функциясы өшірулі болса, компьютердегі num lock шамы сөніп тұрады.
5 Мультимедиа Бұл компьютердің құрамында келесі құрылғылар болуы мүмкін: ● Кірістірілген үндеткіш(тер) ● Кірістірілген микрофон(дар) ● Кірістірілген веб-камера ● Алдын ала орнатылған мультимедиалық бағдарламалық құралдар ● Мультимедия түймешіктері немесе пернелері Медиа белсенділігі пернелерін пайдалану Компьютер моделіне байланысты, медиа файлын ойнату, тоқтата тұру, алға айналдыру немесе кері айналдыруға мүмкіндік беретін төмендегідей медиа белсенділігін басқару элементтері жұмыс істеуі мүмкін:
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер нұсқаулығын қараңыз. Осы нұсқаулықты ашу үшін, Пуск (Бастау) экранына поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant (HP қолдау көмекшісі) бағдарламасын таңдаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Дыбыс деңгейі амалдық жүйе және кейбір бағдарламалар арқылы басқарылады.
1. Бастау экранынан панель управления (басқару тақтасы) сөзін теріп, одан кейін Панель управления (Басқару тақтасы) пәрменін таңдаңыз. 2. Оборудование и звук (Аппараттық құрал және дыбыс), одан кейін Звук (Дыбыс) тармақтарын таңдаңыз. Веб-камера Кейбір компьютерлерде кірістірілген веб-камера бар. Алдын ала орнатылған бағдарламалық құралдың көмегімен сурет немесе бейне түсіру үшін веб-камера пайдалана аласыз. Фотосуреттерді немесе жазылған бейне қарап шығуға немесе сақтауға болады.
2. Кабельдің екінші ұшын сандық дисплей ұясына жалғаңыз. 3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, fn+f4 пернесін басыңыз: ● ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру. ● Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру. ● Кеңейтілген: Экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру. ● Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
1. DP-to-DP кабелімен (бөлек сатып алынады) сыртқы хабты (бөлек сатып алынады) компьютердегі DisplayPort қосыңыз. Концентратордың қуат адаптері айнымалы ток қуатына қосылғанына көз жеткізіңіз. 2. Сыртқы дисплей құрылғыларын хабтағы VGA немесе DisplayPorts порттарына жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Компьютерді кейбір мониторлар HDMI немесе Теледидарлар 4096 x 2160 ажыратымдылық, DP-HDMI Түрі 2 адаптері (бөлек сатылады) бірге қолдайды. 3.
6 Қуатты басқару ЕСКЕРТПЕ: Компьютерде қуат түймешігі немесе қуат қосқышы болуы мүмкін. Қуат түймешігі термині осы нұсқаулықта қуатты басқару элементтерінің екі түрін білдіреді. Компьютерді өшіру (сөндіру) ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілген кезде сақталмаған мәліметтер жойылады. Жұмысты аяқтау пәрмені амалдық жүйені қоса барлық ашық бағдарламаларды жауып, дисплей мен компьютерді өшіреді.
Қуат параметрлерін орнату Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану Ұйқылық күй зауытта іске қосылады. Ұйқылық күй қосылғанда, қуат шамдары жыпылықтап, экран тазарады. Жұмысыңыз жадқа сақталады. ЕСКЕРТУ: Аудио және видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауы, аудио немесе бейне ойнату жұмысының жоғалуы немесе ақпараттың жоғалу қаупін азайту үшін, дискіден не сыртқы жад картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқы күйін қоспаңыз.
Пайдаланушы таңдауымен күту күйін қосу немесе күйден шығу Пайдаланушы таңдауымен күту күйін қосу және басқа қуат параметрлері мен күту үзілістерін өзгерту үшін «Қуат параметрлері» пәрменін пайдаланыңыз. 1. Бастау экранында параметры питания сөздерін теріңіз, содан Параметры питания (қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз. 2. Сол жақ тақтадан Укажите действие кнопки питания (Қуат түймешігінің әрекетін таңдаңыз) сілтемесін нұқыңыз. 3.
4. Запрашивать пароль (рекомендуется) (Құпия сөз сұрау (ұсынылады)) параметрін таңдаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе ағымдағы құпия сөзді өзгерту қажет болса, Создание или изменение пароля учетной записи пользователя (Пайдаланушы жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту) тармағын таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту қажет болмаған жағдайда, 5-қадамға өтіңіз. 5.
● Батарея жұмысын тексеруге арналған батареяны тексеру құралы ● Батареяның қызмет ету мерзімін ұлғайтуға арналған тексеру, қуатты басқару және дұрыс күтім мен сақтау туралы ақпарат ● Батареяның түрлері, сипаттамалары, батареяның қызмет ету мерзімдері және сыйымдылығы туралы ақпарат Батарея туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін ▲ Батарея туралы ақпаратты көру үшін бастау экранында HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) бағдарламасын басыңыз және Аккумулятор и производительность (Батарея және өнімділік
электропитания (Қуат параметрлерін) қолдану басымдықтарының жиынтығы шамдарға әсер етпейді. Бастау экранына питание (қуат) сөзін жазып, Настройки (Параметрлер) және Параметры питания (Қуат параметрлері) опциясын таңдаңыз. Төмен батарея деңгейлерін анықтау Компьютердің жалғыз қуат көзі болатын батарея заряды төмен батарея деңгейіне жеткенде, батарея шамы жыпылықтайды. ● Батарея шамы (тек таңдаулы үлгілерде) батарея зарядының төмен немесе тым төмен деңгейін көрсетеді.
Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақ бортында болғанда компьютер батареясын зарядтамаңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Мүмкін сақтық шараларына қатысты мәселелерді болдырмау үшін, компьютермен қамтамасыз етілетін айнымалы ток адаптерін, HP қамтамасыз ететін ауыстырғыш айнымалы ток адаптерін немесе HP компаниясынан сатып алынған айнымалы ток адаптерін ғана пайдаланыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Айнымалы ток көзіне қосылу жөнінде қосымша ақпаратты қораптың ішіндегі Орнату нұсқаулары постерінен қараңыз.
Айнымалы ток адаптерін тексеру Айнымалы ток қуат көзіне жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток адаптерін тексеріңіз: ● Компьютер қосылмайды. ● Дисплей қосылмайды. ● Қуат шамдары жанбайды. Айнымалы ток адаптерін тексеру: ЕСКЕРТПЕ: Келесі нұсқаулар пайдаланушы ауыстыратын батареясы бар компьютерлерге қатысты қолданылады. 1. Компьютерді сөндіріңіз. 2. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз. 3. Айнымалы ток адаптерін компьютерге және ауыспалы ток розеткасына жалғаңыз. 4.
7 Сыртқы карталар және құрылғылар Жад карталарын оқу құралын пайдалану Қосымша жад карталары деректерді қауіпсіз сақтауға және оларды ыңғайлы түрде ортақ пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл карталар әдетте сандық медиамен жабдықталған камераларда, қалта компьютерлерінде және басқа да компьютерлерде қолданылады. Компьютеріңіз қолдау көрсететін жад карталарының пішімдерін анықтау үшін, Компьютермен танысу (4-бет) бөлімін қараңыз.
3. Картаны (1) басып, оны ұясынан (2) шығарып алыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Карта шықпаса, оны ұясынан тартып шығарыңыз. Смарт карталарды (пернетақта ғана) пайдалану ЕСКЕРТПЕ: Смарт-карта термині осы тарауда смарт-карталар мен Java™ карталарының екі түрін білдіреді. Смарт карта — жад пен микропроцессоры бар шағын схемалы несие картасы өлшеміндегі қосалқы құрал.
Смарт картаны шығарып алу ▲ Смарт картаның шеттерінен ұстап, оны смарт карта оқу құралынан сыртқа шығарыңыз. USB құрылғысын пайдалану Әмбебап сериалды шина (USB) USB пернетақтасы, тінтуір, драйвер, принтер, сканер немесе концентратор сияқты қосымша сыртқы құрылғыны қосуға қолданылатын жабдықтың интерфейсі болып табылады. Кейбір USB құрылғылары әдетте құрылғымен қоса берілетін қосымша қолдау бағдарламалық құралын қажет етуі мүмкін.
USB құрылғысын жалғау ЕСКЕРТУ: ▲ USB қосқышының зақымдануын болдырмау үшін, құрылғыны күштеп жалғамаңыз. Құрылғының USB кабелін USB портына жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Төмендегі сурет пен компьютер көрінісінің арасында біраз айырмашылық болуы мүмкін. Құрылғы анықталғанда, дыбыс естіледі. ЕСКЕРТПЕ: USB құрылғысы қосылған кезде жүйенің құрылғыны танытқанын көрсету үшін хабарландыру аймағында хабарлама көрсетілуі мүмкін.
Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану ЕСКЕРТПЕ: Керекті бағдарламалық құрал мен диск жетектері туралы ақпарат алу үшін немесе компьютердің қолданылатын портын білу үшін өндіруші нұсқауларын қараңыз. Сыртқы құрылғыны компьютерге қосу үшін ЕСКЕРТУ: Токқа қосылған құрылғыны жалғағанда, жабдықтың зақымдану қатерін азайту үшін, құрылғының өшірілгендігін және айнымалы ток қуаты сымының ажыратылғандығын тексеріңіз. 1. Құрылғыны компьютерге қосыңыз. 2.
8 Қауіпсіздік Компьютерді қорғау Windows амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері және Windows жүйесіне кірмейтін Setup Utility (BIOS) құралы жеке параметрлеріңіз бен деректеріңізді әртүрлі қауіптерден қорғауы мүмкін. ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыш құрал ретінде әрекет ету үшін жасалған. Бірақ олар құрылғыға күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
Құпия сөздерді пайдалану Құпия сөз — компьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа кіруді басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін. Құпия сөздер Windows жүйесінің немесе компьютерде алдын ала орнатылған Windows жүйесінен басқа жүйелердің Computer Setup утилитасында (BIOS) орнатылады. ● BIOS әкімшісінің құпия сөзі және DriveLock құпия сөзі Computer Setup утилитасында орнатылады. Олар жүйенің BIOS бағдарламасы арқылы басқарылады.
Computer Setup құралында құпия сөздерді орнату Құпия сөз Қызмет BIOS әкімші құпия сөзі* Computer Setup құралына кіруді қорғайды. ЕСКЕРТПЕ: BIOS әкімші құпия сөзін жою мақсатымен мүмкіндіктер қосылған болса, олар өшірілгенше құпия сөзді жоюға болмауы мүмкін. DriveLock басты құпия сөзі* DriveLock арқылы қорғалатын ішкі қатты дискіге кіруді қорғайды. Сонымен қатар, ол DriveLock қорғанысын алуға қолданылады. Бұл құпия сөз DriveLock құпия сөздерін іске қосу кезінде орнатылады.
1. Компьютерді қосыңыз немесе, компьютерді қайта іске қосыңыз және одан кейін esc пернесін басыңыз немесе, экранның төменгі жағында "Hold the Volume Down button to enter the BIOS Startup Menu" (BIOS іске қосу мәзірін енгізу үшін дыбысты төмендету түймесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, дыбыс деңгейін реттеу түймешігін басып ұстап тұрыңыз. 2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз немесе түртіңіз. 3.
BIOS әкімші құпия сөзін енгізу BIOS әкімші құпия сөзін енгізу сұралған кезде, құпия сөзіңізді (құпия сөзді орнатқанда басылған бірдей пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз. BIOS әкімші құпия сөзін енгізудің 3 сәтсіз әрекетінен кейін компьютерді қайта іске қосып, әрекетті қайта орындау қажет.
DriveLock құпия сөзін орнату Computer Setup утилитасында DriveLock құпия сөзін тағайындау үшін мына қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосыңыз немесе, компьютерді қайта іске қосыңыз және одан кейін esc пернесін басыңыз немесе, экранның төменгі жағында "Hold the Volume Down button to enter the BIOS Startup Menu" (BIOS іске қосу мәзірін енгізу үшін дыбысты төмендету түймесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, дыбыс деңгейін реттеу түймешігін басып ұстап тұрыңыз. 2.
DriveLock құпия сөзін енгізу Қатты дискінің компьютерге енгізілгенін қадағалаңыз (қосымша оптикалық құралға немесе сыртқы MultiBay құралына емес). DriveLock Password (DriveLock құпиясөзі) енгізу сұралған кезде, қолданушы атауыңызды немесе құпиясөзіңізді (құпиясөзді орнатқанда басылған бірдей пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Құпия сөзін енгізудің 2 сәтсіз әрекетінен кейін компьютерді қайта іске қосып, әрекетті қайта орындау қажет.
DriveLock құпия сөзін өзгерту Computer Setup утилитасында DriveLock құпия сөзін өзгерту үшін төменде берілген қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосыңыз немесе, компьютерді қайта іске қосыңыз және одан кейін esc пернесін басыңыз немесе, экранның төменгі жағында "Hold the Volume Down button to enter the BIOS Startup Menu" (BIOS іске қосу мәзірін енгізу үшін дыбысты төмендету түймесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, дыбыс деңгейін реттеу түймешігін басып ұстап тұрыңыз. 2.
DriveLock қорғау мүмкіндігін жою Computer Setup утилитасында DriveLock қорғау мүмкіндігін жою үшін мына қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосыңыз немесе, компьютерді қайта іске қосыңыз және одан кейін esc пернесін басыңыз немесе, экранның төменгі жағында "Hold the Volume Down button to enter the BIOS Startup Menu" (BIOS іске қосу мәзірін енгізу үшін дыбысты төмендету түймесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, дыбыс деңгейін реттеу түймешігін басып ұстап тұрыңыз. 2.
басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, дыбыс деңгейін реттеу түймешігін басып ұстап тұрыңыз. 2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз немесе түртіңіз. 3. Меңзегіш құрылғының, көрсеткі пернелердің немесе сенсорлық экран көмегімен Security (Қауіпсіздік) > Hard Drive Tools (Қатты диск құралдары) > Automatic DriveLock (Автоматты DriveLock) тармақтарын таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 4. BIOS әкімші құпиясөзін енгізіп, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 5.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану Компьютерді электрондық поштаға, желіге немесе Интернетке кіру үшін қолданғанда, ол компьютер вирустары қаупіне ұшырауы мүмкін. Компьютер вирустары амалдық жүйені, бағдарламаларды немесе утилиталарды өшіріп, олардың қалыпсыз жұмыс істеуіне әкелуі мүмкін. Вирусқа қарсы бағдарламалық құрал вирустардың көбін тауып жоя алады, сондай-ақ, көбінесе олардың келтірген зиян салдарын шешеді.
HP Client Security қызметін қолдану HP Client Security бағдарламасы компьютерде алдын ала орнатылған. Бұл бағдарламаны бастау экранындағы HP Client Security арқылы, Windows жұмыс үстелінен хабарландыру аймағындағы тапсырмалар жинағындағы оң жақ таңба арқылы немесе Windows басқару панелі арқылы ашуға болады. Оның қауіпсіздік мүмкіндіктері компьютер, желілер мен өте маңызды деректерге рұқсатсыз кіруден қорғайды. Қосымша ақпаратты HP Client Security бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
9 Күтім Компьютерді тазалау Компьютерді қауіпсіз түрде тазалау үшін келесі өнімдерді пайдаланыңыз: ● Диметил бензил аммоний хлоридінің 0,3 пайыздық тұнбасы (мысалы, әртүрлі компаниялар шығарған бір рет қолданылатын сүрткіштер түрінде).
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің бетін тазалау кезінде, ластануды және қоқымдарды кетіру үшін айналма қозғалыстар жасаңыз. Сенсорлы тақта, пернетақта немесе тінтуірді тазалау АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ішкі бөлшектерінен ток соғуды болдырмай немесе ішкі бөліктеріне зақым келтірмей тазалау үшін шаңсорғышты қолданбаңыз. Шаңсорғышты қолданғанда пернетақта бетіне тұрмыстық қалдықтар жиналып қалуы мүмкін. ЕСКЕРТУ: Ішкі бөліктерді зақымдамау үшін, сұйықтықтардың пернелер арасына тамшылап түсуіне жол бермеңіз.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде соңғы нұсқалармен жаңартуды ұсынады. Ең соңғы нұсқаларды жүктеп алу үшін http://www.hp.com/support торабына өтіңіз. Жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде алу үшін тіркелу қажет. SoftPaq Download Manager құралын пайдалану HP SoftPaq Download Manager (SDM) құралы НР бизнес компьютерлері үшін SoftPaq ақпаратын SoftPaq нөмірін енгізбестен жылдам ашуға мүмкіндік береді.
10 Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру Ақпаратты қорғау үшін, Windows жүйесінің сақтық көшірмесін жасау және қалпына келтіру утилиталары көмегімен жеке файлдардың және қалталардың сақтық көшірмелерін жасаңыз, бүкіл қатты диск жетегінің сақтық көшірмесін жасаңыз, орнатылған оптикалық диск жетегін (тек таңдаулы үлгілерде) немесе қосымша сыртқы оптикалық диск жетегін пайдаланып жүйені жөндеу дискілерін жасаңыз (тек таңдаулы үлгілерде) немесе жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасаңыз.
көмегімен Windows жүйесіне дұрыс іске қосылуға кедергі жасайтын проблемаларды шешуге болады. ● f11 қалпына келтіру құралдары: f11 қалпына келтіру құралдарын қатты дискінің бастапқы кескінін қалпына келтіру үшін пайдалануға болады. Кескінге Windows амалдық жүйесі және зауытта орнатылған бағдарламалық құрал бағдарламалары кіреді.
f11 қалпына келтіру құралдарын пайдалану ЕСКЕРТУ: f11 пернесін пайдалану қатты дисктегі мазмұнды толығымен жойып, оны қайта пішімдейді. Жасалған барлық файлдар мен компьютерге орнатылған кез-келген бағдарламалық құралдар біржолата жойылады. f11 қалпына келтіру құралы зауытта орнатылған амалдық жүйені және НР бағдарламалары мен драйверлерін қайта орнатады. Зауытта орнатылмаған бағдарламалық құралдарды қайта орнату керек болады. Түпнұсқалық қатты диск кескінін f11 көмегімен қалпына келтіру үшін: 1.
Орнату үрдісі аяқталғаннан кейін: 1. Windows операциялық жүйесінің дискісін шығарып, «Драйверді қалпына келтіру» дискісін шығарып алыңыз. 2. Алдымен Аппараттық құралды қосу драйверлерін, одан кейін ұсынылған бағдарламаларды орнатыңыз.
11 Computer Setup (BIOS), MultiBoot және HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) Computer Setup пайдалану Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер) арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
меңзегіш құрылғыны пайдаланыңыз немесе сенсорлық экрандағы мәзір немесе мәзір элементін таңдаңыз. ● Жоғары не төмен жылжу үшін, экранның жоғары оң жақ бұрышындағы жоғары не төмен көрсеткілерді нұқыңыз немесе пернетақтадағы жоғары не төмен көрсеткі пернелерін басыңыз. ● Ашық тұрған тілқатысу терезесін жабу және басты Computer Setup экранына оралу үшін, esc пернесін түртіңіз де, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді. ЕСКЕРТПЕ: Құпия сөз, қауіпсіздік және тіл параметрлері зауыттың әдепкі параметрлерін сақтағанда өзгертілмейді. BIOS нұсқасын жаңарту BIOS жүйесінің жаңартылған нұсқалары HP веб-торабында бар болуы мүмкін. BIOS жүйесінің жаңарту файлдарының көбі HP веб-торабында SoftPaq деп аталатын қысылған файлдарына салынған. Кейбір жүктелетін бумалардың құрамында файлды орнату және ақаулықтарды жою туралы ақпаратты қамтитын Readme.txt файлы бар.
1. Бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant қолданбасын таңдаңыз. 2. Updates and tune-ups (Жаңартулар мен реттеулер) пәрменінен кейін Check for HP updates now (НР жаңартулары бар екенін тексеру) пәрменін таңдаңыз. 3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 4. Жүктеу аймағында мына қадамдарды орындаңыз: а. Ең соңғы BIOS жаңартуын анықтап, оны қазір компьютерде орнатылған BIOS нұсқасымен салыстырыңыз. Басқа кодтың күні, атауы немесе қосымша ақпаратын жазып алыңыз.
MultiBoot желісін пайдалану Жүктеу құрылғыларының реті туралы Компьютер басталғанда, амалдық жүйе іске қосылған жүктеу құрылғыларынан жүктеуге кіріседі. Зауытта қосылған MultiBoot утилитасы амалдық жүйенің жүктеу құрылғысын таңдау ретін басқарады. Жүктеу құрылғыларының тізіміне оптикалық диск жетектері, дискет жетектері, желілік интерфейс картасы (NIC), қатты дискілер және USB құрылғылары кіреді. Жүктеу құрылғыларында компьютерді бастау және дұрыс жұмыс атқаруға қажет жүктелетін медиа немесе файлдар бар.
● Advanced (Қосымша) > Boot Options (Жүктеу опциялары) > UEFI Boot Order (UEFI жүктеу реті) > UEFI Hybrid (UEFI гибриді), ● Advanced (Қосымша) > Boot Options (Жүктеу опциялары) > UEFI Boot Order (UEFI жүктеу реті) > UEFI Native Boot (UEFI кірістірілген жүктеу) режимі, ● Advanced (Қосымша) > Boot Options (Жүктеу опциялары) > Legacy Boot Order (Әдетті жүктеу реті) > Legacy Boot (Әдетті жүктеу) режимі, enter пернесін басыңыз. 4.
Boot Popup Delay (Sec) (Multiboot Express қалқыма хабарын кідірту (сек) пәрменін таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 4. Әдепкі параметр ағымдағы MultiBoot параметріне жеткенше компьютердің басталу орналасқан мәзірін экранға шығару уақытының секундта көрсетілетін мәнін Multiboot Express Popup Delay (Sec) (Multiboot Express қалқыма хабарын кідірту (сек)) өрісіне енгізіңіз. («0» мәні таңдалған жағдайда, Express Boot басталуының орналасу мәзірі көрсетілмейді.) 5.
а. Қосылған USB диск жетегі ЕСКЕРТПЕ: HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB диск жетегіне жүктеу туралы ақпаратты HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB құрылғысына жүктеу (79-бет) бөлімінен қараңыз. 3. ә. Қатты диск б. BIOS Диагностикалау құралы ашылғанда пернетақтадағы көрсеткі пернелердің немесе сенсорлық экран көмегімен орындалатын диагностикалық сынақтың түрін таңдаңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
12 Қолдау Қолдау қызметіне хабарласу Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы ақпарат немесе HP Support Assistant сұрақтарыңызға жауап бермесе, қолдау қызметіне хабарласуға болады: АҚШ-та қолдау қызметін пайдалану үшін http://www.hp.com/go/contactHP мекенжайына өтіңіз. Дүние жүзі бойынша қолдау қызметін пайдалану үшін http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html мекенжайына өтіңіз. Бұл жерде сізде мынадай мүмкіндіктер болады: ● HP маманымен желіде тікелей тілдесу.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютермен шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін: МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Осы бөлімде сипатталған барлық жапсырмалар пернетақтаның астында немесе планшеттің артында орналасады. ● Сервистік жапсырма компьютерді анықтауға арналған маңызды ақпаратты қамтамасыз етеді. Қолдау қызметімен хабарласу кезінде, сериялық нөмір, өнім нөмірі немесе модель нөмірі сұралуы мүмкін. Қолдау қызметімен хабарласпас бұрын, бұл нөмірлерді табыңыз.
13 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген және осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
Пайдалануға болатын -15 м мен 3048 м арасында -50 фут пен 10000 фут арасында Жұмыссыз режимде -15 м мен 12192 м арасында -50 фут пен 40000 фут арасында Жұмыс ортасы 83
а Компьютерді сапарға алып шығу Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін саяхаттау кезінде компьютерді тасымалдау жөніндегі мына кеңестерді орындаңыз: ● Компьютерді саяхаттауға немесе тасымалдауға дайындау: ◦ Ақпараттың сақтық көшірмесін жасаңыз. ◦ Барлық дискілерді және жад карталары сияқты барлық сыртқы медиа карталарды шығарыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғуы, өрт шығуы немесе жабдықтың зақымдануы сияқты қауіпті азайту үшін, компьютерді жабдықтар үшін сатылатын кернеуді түрлендіру жинағы арқылы қоспаңыз.
ә Ақаулықтарды жою Ақаулықтарды жою көздері ● Компьютер туралы веб-тораптар сілтемелерін және қосымша ақпаратты HP Support Assistant қызметінен табыңыз. Бастау экранынан HP Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін, HP Support Assistant белгішесін таңдаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Кейбір тексеру және жөндеу құралдарын пайдалану үшін Интернетке қосылу қажет. НР компаниясы Интернетке қосылмайтын қосымша да құралдарды ұсынады. ● Қолдау қызметімен хабарласыңыз. АҚШ-та қолдау қызметін пайдалану үшін http://www.
компьютер батареясының заряд деңгейі төмендегенде жүйе арқылы қосылуы мүмкін. Осы және басқа қуат параметрлерін өзгерту үшін, Windows жұмыс үстелінің тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы Аккумулятор (Батарея) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Предпочтения (Таңдаулы параметрлер) пәрменін таңдаңыз. ● Компьютер оның экранында кескіндерді көрсететіндей етіп теңшелмеген болуы мүмкін. Кескінді компьютердің экранына жіберу үшін fn+f4 пернелерін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердегі желдеткіш компьютердің ішкі бөліктерін салқындату және қызып кетудің алдын алу үшін, автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің қосылыпөшірілуі қалыпты жағдай болып табылады. Сыртқы құрылғы жұмыс істемейді Егер сыртқы құрылғы ойдағыдай жұмыс істемесе, төмендегі әрекеттерді орындаңыз. ● Құрылғыны өндірушінің нұсқауларына сәйкес қосыңыз. ● Құрылғының барлық сымдары қауіпсіз жалғанып тұрғанын тексеріңіз. ● Құрылғыға электр қуатының келіп тұрғанын тексеріңіз.
б Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
Индекс А Автоматты DriveLock құпия сөзі енгізу 61 шығарып алу 62 ағытпа, қуат 13 ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 39 айнымалы ток адаптері, тексеру 47 Айнымалы ток адаптері/батарея шамы 13 айнымалы ток адаптерін тексеру 47 аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 5, 14 аудио функциялары, тексеру 36 аудио функцияларын тексеру 36 аудио шығыс (құлаққап) ұясы, анықтау 5, 14 Ә әкімші құпия сөзі 54 Б бағдарламалық құрал вирусқа қарсы 63 желіаралық қалқан 63 маңызды жаңартулар 63 батарея батареяның төмен дең
Қосымша драйверлі USB қолдауы 72 қосымша сыртқы құрылғылар, пайдалану 52 қуат батарея 43 мүмкіндіктер 41 үнемдеу 45 қуат ағытпасы, анықтау 13 қуат қосқышы 40 қуат параметрлерін орнату 41 қуат түймешігі 40 қуат түймешігі, анықтау 6, 12 қуатты үнемдеу күйлері 41 құлақаспаптар және микрофондар, қосу 36 құлаққап (аудио шығыс) ұясы 5, 14 құпия сөздер BIOS әкімшісі 55 DriveLock 57 әкімші 54 пайдаланушы 54 М маңызды жаңартулар, бағдарламалық құрал 63 мәселелер, шешу 86 медиа белсенділігі пернелері 35 медиа жылдам
B BIOS жаңарту 74 жаңартуды жүктеп алу 74 нұсқаны анықтау 74 Bluetooth жапсырмасы 81 Bluetooth құрылғысы 17, 23 түймешіктер дыбыс деңгейі 5, 14, 35 қуат 6, 12, 40 медиа құралы 35 оң жақ сенсорлы тақта 9 сенсорлы тақтаның сол жағы 9 тінтуір, сыртқы басым параметрлерді орнату 26 Ұ Ұйқылық күй қосу 41 шығу 41 ұялар аудио кіріс (микрофон) 5, 14 аудио шығыс (құлаққап) 5, 14 ұяшықтар жад картасын оқу құрылғысы 5, 12 смарт карта 15 Ү үндеткіштер 7 үнемдеу, қуат 45 Ш шамдар num lock 10 Айнымалы ток адаптері/ бата