User Guide - Windows 8.1
3
Желіге қосылу
Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не
сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-
тораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен
байланысуға көмектеседі.
Сымсыз желіге қосылу
Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Компьютер келесі сымсыз құрылғылардың біреуі немесе бірнешеуімен жабдықталған болуы
мүмкін:
●
Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы – Компьютерлерді корпоративті офистер, үй
және әуежайлар, мейрамханалар, кафелер, қонақ үйлер және университеттер сияқты
қоғамдық орындарда (әдетте, Wi-Fi желілері, сымсыз LAN немесе WLAN деп аталатын)
сымсыз жергілікті желілерге қосады. WLAN желісінде компьютеріңіздегі мобильді сымсыз
құрылғы сымсыз жол жоспарлағышымен немесе сымсыз кіру нүктесімен байланысады.
●
HP мобильді кең жолақты желі модулі (тек таңдаулы үлгілерде) көптеген аймақтарда
сымсыз байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сымсыз ғаламдық желі (WWAN) құрылғысы
болып табылады. Мобильді желі операторлары үлкен географиялық аумақтардың барлық
жерінде бүкіл облыстар, аймақтар немесе тіпті ауылдардың байланыс аясына қамтылуын
тиімді қамтамасыз ететін
(ұялы телефон мұнаралары сияқты) базалық станцияларды
орнатады.
●
Сымсыз байланыс қондырмасы (WiDock) (тек таңдаулы үлгілерде) — компьютерді
қондырғыға жалғанған құрылғылар, пернетақталар, мониторларды және басқа
дисплейлерге WiGig байланыса арқылы жалғау мүмкіндігін және сымды желі
байланыстарын қосу мүмкіндігін ұсынады.
●
Bluetooth құрылғысы - компьютерлер, телефондар, принтерлер, құлақаспаптар,
үндеткіштер және камералар сияқты басқа Bluetooth қосылған құрылғылармен байланысу
үшін басқа жеке аймақтық желіні (PAN) жасайды. PAN желісіндегі әр құрылғы басқа
құрылғылармен тікелей байланысады және бұл құрылғылар бір-біріне біршама жақын,
әдетте бір-бірінен 10 метр (шамамен 33 фут) қашықтықта болуы тиіс.
Сымсыз технология жөнінде қосымша мәлімет алу үшін, HP Support Assistant
бағдарламасындағы ақпаратты және веб-тораптар сілтемелерін қараңыз. Бастау экранынан HP
Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін, HP Support Assistant белгішесін таңдаңыз.
Сымсыз басқару элементтерін пайдалану
Компьютердегі сымсыз құрылғыларды мына мүмкіндіктердің бірін немесе бірнешесін
пайдалана отырып басқаруға болады:
●
Сымсыз байланыс түймесі, сымсыз байланыс қосқышы, сымсыз байланыс пернесі немесе
ұшу режимі пернесі (осы тарауда «сымсыз байланыс түймесі» деп аталады) (тек таңдаулы
үлгілерде)
●
Амалдық жүйе басқару элементтері
Сымсыз желіге қосылу
17










