User Guide - Windows 8.1
Сымсыз байланыс түймешігін пайдалану
Үлгісіне байланысты компьютерде сымсыз байланыс түймешігі, бір немесе бірнеше сымсыз
құрылғы және бір не екі сымсыз байланыс шамы болады. Компьютердегі сымсыз
құрылғылардың барлығы зауытта қосылады, сондықтан, компьютер қосылғанда, сымсыз
байланыс шамы өшірулі болады.
Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін
анықтайды. Егер сымсыз байланыс шамы жанып тұрса, кем дегенде бір сымсыз құрылғы
қосылған. Егер сымсыз байланыс шамы сары түспен жанып тұрса, сымсыз құрылғылар
өшірілген.
Сымсыз құрылғылар зауытта қосылатындықтан, оларды бір уақытта қосу немесе өшіру үшін,
сымсыз байланыс түймешігін пайдалануға болады.
Амалдық жүйе басқару элементтерін пайдалану
Желі және ортақ қолдану орталығы қосылымды немесе желіні орнатуға, желіге қосылуға, желі
ақаулықтарын тексеруге және жөндеуге мүмкіндік береді.
Амалдық жүйенің басқару элементтерін пайдалану үшін
1. Бастау экранынан панель управления (басқару тақтасы) сөзін теріп, одан кейін Панель
управления (Басқару тақтасы) пәрменін таңдаңыз.
2. Сеть и Интернет (Желі және Интернет) пәрменін, одан кейін Центр управления сетями и
общим доступом
(Желілер мен ортақ кіруді басқару орталығы) пәрменін таңдаңыз.
Қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз. Бастау экранынан HP
Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін, HP Support Assistant белгішесін таңдаңыз.
Intel сымсыз гигабиттік қондырмасын басқару құралын пайдалану
Intel Сымсыз Қондырманы басқару бағдарламасы байланыс күйі және қуат режимі туралы
ақпарат пен хабарландыруларды қамтамасыз етеді. Күй ақпараты мен хабарландырулар
тапсырмалар тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағында беріледі.
Сымсыз Қондырмасын басқару құралын ашу үшін:
▲
Тапсырмалар тақтасындағы Сымсыз Қондырманы басқару бағдарламасы белгішесін
басыңыз.
– немесе –
Start (Бастау) > All Programs (Барлық бағдарламалар) > Intel WiDock байланыс құралы >
WiGig байланыс құралы тармақтарын таңдаңыз. Қосымша ақпарат алу үшін сымсыз қондырма
нұсқаулығын қараңыз.
WLAN құрылғысын қолдану
WLAN құрылғысымен сымсыз жол жоспарлағыш немесе сымсыз кіру нүктесі арқылы
байланыстырылған басқа компьютерлерден және қосалқы құралдардан құрылған сымсыз
жергілікті желіге (WLAN) кіруге болады.
ЕСКЕРТПЕ: Сымсыз жол жоспарлағышы және сымсыз кіру нүктесі жиі өзара ауыстырылатын
күйде қолданылады.
18
3-тарау Желіге қосылу










