User Guide - Windows 8.1
ЕСКЕРТПЕ: Еліңізге/аймағыңызға байланысты, пернетақтаның пернелері мен пернетақта
функциялары осы бөлімде сипатталғаннан өзгешелеу болуы мүмкін.
Windows жүйесінің пернелер тіркесімдерін пайдалану
Windows жүйесі әрекеттерді жылдам орындау үшін пернелер тіркесімдерін қамтамасыз етеді.
Арнайы әрекетті орындау үшін, Windows пернесінің өзін немесе арнайы пернемен бірге
басыңыз.
Жылдам пернелерді анықтау
Пернелер тіркесімі — fn пернесі мен esc пернесінің немесе функционалдық пернелердің бірінің
тіркесімі.
Пернелер тіркесімін пайдалану:
▲
fn пернесін аз уақыт басыңыз, одан кейін пернелер тіркесімінің екінші пернесін басып
қалыңыз.
Пернетақталарды пайдалану
Компьютерде енгізілген сандық пернетақта болады, сондай-ақ компьютермен қосымша сыртқы
сан пернетақтасын немесе сан пернетақтасы бар қосымша сыртқы пернетақтаны да қолдануға
болады. Орнатылған сандық пернетақта туралы ақпаратты Пернелер (11-бет) бөлімінен
қараңыз.
Енгізілген сандық пернетақтаны пайдалану
Енгізілген сандық пернетақтаны қосу және өшіру
Орнатылған сандық пернетақтаны қосу үшін fn+num lock пернелерін басыңыз. Орнатылған
сандық пернетақтаны өшіру үшін fn+num lock пернелерін қайта басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Cыртқы пернетақта немесе сандық пернетақта компьютерге жалғанғанда,
енгізілген сандық пернетақта өшеді.
Енгізілген сандық пернетақтадағы перне функцияларын ауыстыру
Енгізілген сандық пернетақтадағы пернелердің функцияларын стандартты пернетақта
функциялары ретінде де, сандар пернетақтасы функциялары ретінде де қолдануға болады.
●
Сандық пернетақта өшірулі күйде болғанда, оның пернесінің шарлау функциясын
пайдалану үшін, пернетақта пернесімен бірге fn пернесін басып ұстап тұрыңыз.
●
Пернетақта қосылып тұрғанда, пернетақта пернесінің стандартты функциясын қолдану:
◦
Кіші әріппен жазу үшін, fn пернесін басып, ұстап тұрыңыз.
◦
Бас әріппен жазу үшін, fn+shift пернелер тіркесімін басып, ұстап тұрыңыз.
Қосымша сыртқы сандық пернетақтаны пайдалану
Көптеген сыртқы сандық пернетақталардағы пернелер num lock қызметінің қосулы немесе
өшірулі болуына байланысты әртүрлі қызмет атқарады
. (Num lock зауытта өшіріледі.) Мысалы:
Пернетақтаны пайдалану
33










