User Guide - Windows 8.1

Батарея жұмысын тексеруге арналған батареяны тексеру құралы
Батареяның қызмет ету мерзімін ұлғайтуға арналған тексеру, қуатты басқару және дұрыс
күтім мен сақтау туралы ақпарат
Батареяның түрлері, сипаттамалары, батареяның қызмет ету мерзімдері және
сыйымдылығы туралы ақпарат
Батарея туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін
Батарея туралы ақпаратты көру үшін бастау экранында HP Support Assistant (НР қолдау
көмекшісі) бағдарламасын басыңыз және Аккумулятор и производительность (Батарея
және өнімділік
) пәрменін таңдаңыз.
Батареяны тексеру бағдарламасын пайдалану
HP Support Assistant компьютерде орнатылған батареяның күйі туралы ақпаратты береді.
Батареяны тексеруді іске асыру үшін:
1. Айнымалы ток адаптерін компьютерге қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Батареяны тексеру құралының дұрыс жұмыс істеуі үшін компьютер сыртқы
қуат көзіне жалғануы тиіс.
2. Батарея туралы ақпаратты көру үшін бастау экранында HP Support Assistant (НР қолдау
көмекшісі) бағдарламасын басыңыз және Аккумулятор и производительность (Батарея
және өнімділік) пәрменін таңдаңыз.
Батареяны тексеру құралы батареяның және оның ұяларының дұрыс жұмыс істейтінін тексереді
және тексерудің нәтижелерін хабарлайды.
Қалған батарея зарядын көрсету
Меңзерді Windows жұмыс үстелінің хабарландыру аймағындағы тапсырма тақтасының оң
жақ шетінде орналасқан қуат көрсеткіші белгішесінің үстінен жүргізіңіз.
Батареяның зарядсыздану уақытын ұлғайту
Батареяның зарядсыздану уақыты батарея қуатын пайдаланғанда қандай мүмкіндіктердің
қолданылатынына байланысты әртүрлі болады. Ең көп зарядсыздану уақыты батареяның сақтық
сыйымдылығы төмендейтіндіктен біртіндеп қысқарады.
Батареяның зарядсыздану уақытын ұлғайтуға арналған кеңестер:
Экранның жарықтығын төмендетіңіз.
Пайдаланушымен ауыстырылатын батареямен жабдықталған компьютер қолданыста
болмағанда немесе зарядталмағанда батареяны компьютерден шығарып алыңыз.
Пайдаланушымен ауыстырылатын батареяны салқын, құрғақ жерде сақтаңыз.
Параметры электропитания (Қуат параметрлері) ішінен Экономия энергии (Қуат
үнемдегіші) параметрін таңдаңыз.
Төмен батарея деңгейлерін басқару
Осы бөлімдегі ақпарат ескертулер мен зауытта орнатылған жүйе жауаптарын сипаттайды.
Кейбір батареяның төмендігі туралы ескертулер мен жүйе жауаптарын Параметры
электропитания (Қуат параметрлерін) қолдану арқылы өзгертуге болады. Параметры
44
6-тарау Қуатты басқару