User Guide - Windows 8.1

HP Client Security қызметін қолдану
HP Client Security бағдарламасы компьютерде алдын ала орнатылған. Бұл бағдарламаны бастау
экранындағы HP Client Security арқылы, Windows жұмыс үстелінен хабарландыру аймағындағы
тапсырмалар жинағындағы оң жақ таңба арқылы немесе Windows басқару панелі арқылы ашуға
болады
. Оның қауіпсіздік мүмкіндіктері компьютер, желілер мен өте маңызды деректерге
рұқсатсыз кіруден қорғайды. Қосымша ақпаратты HP Client Security бағдарламалық құралының
анықтамасынан қараңыз.
Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану (тек қана
таңдаулы үлгілерде
)
Ішкі саусақ ізін оқу құрылғылары тек таңдаулы үлгілерде қолжетімді болады. Саусақ ізін оқу
құрылғысын қолдану үшін, саусағыңыздың таңбасын HP Client қауіпсіздік деректері
менеджеріне тіркеуіңіз қажет
. HP Client қауіпсіздік бағдарламасының анықтамалық қызметіне
жүгініңіз.
Саусақ ізін Credential Manager құралында тіркегеннен кейін, қолдау көрсетілетін веб-
тораптарда және бағдарламаларда пайдаланушы аттары мен құпия сөздерін сақтау және жазу
үшін, HP Client Security бағдарламасының Password Manager құралын пайдалана аласыз.
Саусақ ізін оқу құрылғысының орналасуы
Саусақ ізін оқу құрылғысы компьютердің төмендегі жерлерінде орналасқан кішкендей темір
сенсор:
Сенсорлы тақтаның төменгі жағының қасында
Пернетақтаның оң жағында
Дисплейдің үстіңгі оң жағында
Дисплейдің сол жағында
Компьютердің үлгісіне байланысты саусақ ізін оқу құрылғысы көлденеңінен немесе ұзынынан
орналасуы мүмкін. Оның екі түрі де саусағыңызды металды сенсордың үстіне тігінен
тигізуіңізді талап етеді.
64
8-тарау Қауіпсіздік