User Guide - Windows 8.1

11
Computer Setup (BIOS), MultiBoot және
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)
Computer Setup пайдалану
Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс
құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер)
арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың
параметрлері, компьютердің жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі
қамтылған
.
ЕСКЕРТПЕ: Computer Setup құралына өзгертулер енгізу кезінде сақ болыңыз. Қателер
компьютердің жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастау
ЕСКЕРТПЕ: Қосымша драйверлі USB қолдауы іске қосылған болса, USB портына жалғанған
сыртқы пернетақтаны немесе тінтуірді Computer Setup утилитасында пайдалануға болады.
Computer Setup бастау үшін, мына әрекеттер орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе, компьютерді қайта іске қосыңыз және одан кейін esc
пернесін басыңыз немесе, экранның төменгі жағында "Hold the Volume Down button to enter
the BIOS Startup Menu" (BIOS
іске қосу мәзірін енгізу үшін дыбысты төмендету түймесін
басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, дыбыс деңгейін реттеу түймешігін басып ұстап
тұрыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз немесе түртіңіз.
Computer Setup утилитасында жылжу және таңдау
Computer Setup утилитасында жылжу және таңдау үшін мына әрекеттер орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе, компьютерді қайта іске қосыңыз және одан кейін esc
пернесін басыңыз немесе, экранның төменгі жағында "Hold the Volume Down button to enter
the BIOS Startup Menu" (BIOS іске қосу мәзірін енгізу үшін дыбысты төмендету түймесін
басыңыз
) хабары көрсетіліп тұрғанда, дыбыс деңгейін реттеу түймешігін басып ұстап
тұрыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Computer Setup утилитасында жылжу және таңдауды жасау үшін, (сенсорлы
тақта не USB тінтуірі сияқты) меңзегіш құрылғыны немесе пернетақтаны пайдаланыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз немесе түртіңіз.
Мәзірді немесе мәзір пәрменін таңдау үшін, tab пернесін және пернетақтаның көрсеткі
пернелерін пайдаланыңыз
, одан кейін enter пернесін басыңыз, элементті таңдау үшін
72
11-тарау Computer Setup (BIOS), MultiBoot және HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)