User Guide - Windows 10

fn пернесін және функциялық пернені
басыңыз.
Сипаттама
fn+esc Жүйе ақпаратын көрсетеді.
fn+f3 Ұйқылық күйді қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей
және жүйенің басқа бөліктері өшеді, ал қуат қосулы қалады.
Ұйқылық күйден шығу үшін, қуат түймешігін басып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ: Ақпаратты жоғалтпау үшін, ұйқылық күйді қоспас бұрын жұмысты
сақтаңыз.
fn+f4 Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып
көрсетеді. Мысалы, компьютерге монитор қосылған болса, fn+f4 пернелер
тіркесімін қайта-қайта басу экрандық суретті компьютер және монитордың
екеуінде де бірдей көрсетілу үшін компьютер дисплейінен монитор дисплейіне
ауыстырады.
Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы
VGA бейне стандарты арқылы қабылдайды. fn+f4 жылдам пернелері
компьютерден бейне ақпарат алатын басқа құрылғылардағы бейнелерді де
ауыстырып қосуы мүмкін.
fn+f6 Пернені басып тұрса, үндеткіштегі дыбыс деңгейі біртіндеп азаяды.
fn+f7 Пернені басып тұрса, үндеткіштегі дыбыс деңгейі біртіндеп артады.
fn+f8 Микрофонды үнсіздендіреді.
fn+f9 Бұл пернені басып тұрғанда экран жарықтығы қадам бойынша төмендетіледі.
fn+f10 Бұл пернені басып тұрғанда, экран жарықтығы қадам бойынша
жоғарылатылады.
fn+ f11 Артқы жарықтандыру функциясын өшіреді немесе қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндікті батарея зарядын үнемдеу үшін өшіріңіз.
Жоғарғы жағы 13