User Guide - Windows 10

Батареяны шығарып алу
Батареяны алу үшін
ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу ақпараттың
жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалуына жол бермеу үшін, батареяны шығарып алмас
бұрын, күту режимін қосыңыз немесе компьютерді Windows жүйесі арқылы өшіріп тастаңыз.
1. Компьютерді аударып, қызмет көрсету үшін ашатын есіктің ысырмасын өзіңізге қаратып, жалпақ
бетке орналастырыңыз.
2. Қызмет көрсету үшін ашатын есікті босату ысырмасын (1) оң жаққа қарай сырғытыңыз.
3. Қызмет көрсету үшін ашатын есікті компьютердің алдыңғы жағына (2) қарай сырғытып, оны (3)
алыңыз.
4. Батареяны шығарып алу үшін, батареяны босату ысырмасын (1) сырғытыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Батареяны бекіту сырғытпасы автоматты түрде бастапқы орнына түседі.
Қуат параметрлерін орнату 39