User Guide - Windows 7

3
Желіге қосылу
Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не
сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-
тораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат əлеммен
байланысуға көмектеседі.
Сымсыз желіге қосылу
Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Компьютер келесі сымсыз құрылғылардың біреуі немесе бірнешеуімен жабдықталған болуы
мүмкін:
Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) Компьютерлерді
корпоративті офистер, үй жəне əуежайлар, мейрамханалар, кафелер, қонақ
үйлер жəне
университеттер сияқты қоғамдық орындарда (əдетте, Wi-Fi желілері, сымсыз LAN немесе
WLAN деп аталатын) сымсыз жергілікті желілерге қосады. WLAN желісінде
компьютеріңіздегі мобильді сымсыз құрылғы сымсыз жол жоспарлағышымен немесе
сымсыз кіру нүктесімен байланысады.
HP мобильді кең жолақты желі модулі (тек таңдаулы ү
лгілерде) көптеген аймақтарда
сымсыз байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сымсыз ғаламдық желі (WWAN) құрылғысы
болып табылады. Мобильді желі операторлары үлкен географиялық аумақтардың барлық
жерінде бүкіл облыстар, аймақтар немесе тіпті ауылдардың байланыс аясына қамтылуын
тиімді қамтамасыз ететін (ұялы телефон мұнаралары
сияқты) базалық станцияларды
орнатады.
Bluetooth құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде)Компьютерлер, телефондар, принтерлер,
құлақаспаптар, үндеткіштер жəне камералар сияқты басқа Bluetooth қосылған
құрылғылармен байланысу үшін басқа жеке аймақтық желіні (PAN) жасайды. PAN
желісіндегі əр құрылғы басқа
құрылғылармен тікелей байланысады жəне бұл құрылғылар
бір-біріне біршама жақын, əдетте бір-бірінен 10 метр (шамамен 33 фут) қашықтықта болуы
тиіс.
Сымсыз технология жөнінде қосымша мəлімет алу үшін, «Анықтама жəне қолдау» бөліміндегі
ақпаратты жəне веб-
торап сілтемелерін қараңыз. Анықтама жəне қолдау орталығына кіру үшін,
Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) тармағын таңдаңыз.
Сымсыз басқару элементтерін пайдалану
Компьютердегі сымсыз құрылғыларды мына мүмкіндіктерді пайдалана отырып басқаруға
болады:
Сымсыз байланыс түймешігі, сымсыз байланыс қосқышы немесе сымсыз байланыс пернесі
(осы тарауда «сымсыз байланыс түймешігі» деп аталады)
Амалдық жүйе басқару элементтері
Сымсыз құрылғыларды қосу немесе өшіру
Сымсыз құрылғыларды сымсыз байланыс түймешігімен немесе HP Connection Manager
құралымен (таңдаулы үлгілерде ғана болады) қосуға немесе өшіруге болады.
Сымсыз желіге қосылу
17