User Guide - Windows 7
8. SIM картасын SIM ұясына салып, ол өз орнында тығыз түскенше SIM картасын оның
ұясына жайлап басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің SIM картасының көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл
өзгешелеу болуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: SIM картасының компьютерге салынатын бағытын анықтау үшін, батарея
орнындағы суретті қараңыз.
9. Батареяны салыңыз (Батареяны салу (41-бет) қараңыз).
ЕСКЕРТПЕ: Егер батарея орнына салынбаса, HP Mobile Broadband модулі өшеді.
10. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (Қызмет көрсету үшін ашатын есікті
орнына салу (53-бет) бөлімін қараңыз).
11. Сыртқы қуатты қайтадан қосыңыз.
12. Сыртқы құрылғыларды қайтадан қосыңыз.
13. Компьютерді қосыңыз.
SIM картасын шығарып алу үшін картаны басып, оны ұясынан шығарып алыңыз.
GPS пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Компьютерде GPS (Ғаламдық орынды анықтау жүйесі) құрылғысы орнатылуы мүмкін. GPS
спутниктері орналасу, жылдамдық жəне бағдарлар туралы ақпаратты GPS стандартымен
жабдықталған жүйелерге жібереді.
Қосымша ақпарат алу үшін, «HP GPS and Location» бағдарламалық құралының анықтамасын
қараңыз.
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Bluetooth құрылғысы əдетте мына электрондық құрылғыларды байланыстыратын физикалық
кабель қосылымдарын ауыстыратын қысқа ауқымды сымсыз байланыстарды қамтамасыз етеді.
●
Компьютерлер (жұмыс үстелі, ноутбук, қалта компьютері)
●
Телефондар (ұялы, сымсыз, смартфон)
Сымсыз желіге қосылу
23










