User Guide - Windows 7

fn пернесін аз уақыт басыңыз, одан кейін пернелер тіркесімінің екінші пернесін басып
қалыңыз.
Пернелер тіркесімі Сипаттама
fn+esc
Жүйе ақпаратын көрсетеді.
fn+f3
Ұйқылық күйді қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей жəне жүйенің
басқа бөліктері өшеді, ал қуат қосулы қалады.
Ұйқылық күйден шығу үшін, қуат түймешігін басып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ: Ақпаратты жоғалтпау үшін, ұйқылық күйді қоспас бұрын жұмысты сақтаңыз.
fn+f4
Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы,
компьютерге монитор қосылған болса, fn+f4 пернелер тіркесімін қайта-қайта басу экрандық
суретті компьютер жəне монитордың екеуінде де бірдей көрсетілу үшін компьютер
дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырады.
Сыртқы мониторлардың басым б
өлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне
стандарты арқылы қабылдайды. fn+f4 жылдам пернелері компьютерден бейне ақпарат алатын
басқа құрылғылардағы бейнелерді де ауыстырып қосуы мүмкін.
fn+f6
Үндеткіш дыбысын төмендетеді.
fn+f7
Үндеткіш дыбысын жоғарылатады.
fn+f8
Микрофонды үнсіздендіреді.
fn+f9
Экран жарықтығының деңгейін төмендетеді.
fn+f10
Экран жарықтығының деңгейін ұлғайтады.
fn+ f11
Пернетақтаның артқы жарығын қосады жəне өшіреді (тек таңдаулы үлгілерде).
ЕСКЕРТПЕ: Пернетақтаның артқы жарығы зауытта іске қосылады. Батарея қызмет мерзімін
арттыру үшін пернетақта жарықтандырғышын өшіріңіз.
Пернетақталарды пайдалану
Компьютерде енгізілген сандық пернетақта болады, сондай-ақ компьютермен қосымша сыртқы
сан пернетақтасын немесе сан пернетақтасы бар қосымша сыртқы пернетақтаны да қолдануға
болады.
Пернетақтаны пайдалану
29