User Guide - Windows 7

Қосымша қауіпсіздік кабелін орнату
ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік кабелі сақшы ретінде əрекет ететіндей құрастырылған, бірақ ол
компьютерді дұрыс ұстамаудың немесе ұрлануының алдын алмауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің қауіпсіздік кабелі ұясы осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу
болуы мүмкін. Компьютеріңіздегі қауіпсіздік кабель құлпының орналасқан жері туралы
ақпаратты
Компьютермен танысу (4-бет) бөлімінен қараңыз.
1. Қауіпсіздік кабелін қорғалатын затқа ораңыз.
2. Кілтті (1) кабель құлпына (2) салыңыз.
3. Кабель құлпын компьтердегі қауіпсіздік кабелінің ұясына (3) салыңыз да, сосын оны
кілтпен жабыңыз.
Саусақ ізін оқу құрылғысын қолдану (тек таңдаулы
модельдерде)
Ішкі саусақ ізін оқу құрылғылары тек таңдаулы үлгілерде қолжетімді болады. Саусақ ізін оқу
құралын пайдалану үшін, саусақ ізін HP Client Security бағдарламасының Credential Manager
құралында тіркеу қажет. HP Client Security бағдарламалық құралының анықтамасын қараңыз.
Саусақ ізін Credential Manager құралында тіркегеннен кейін, қолдау к
өрсетілетін веб-
тораптарда жəне бағдарламаларда пайдаланушы аттары мен құпия сөздерін сақтау жəне жазу
үшін, HP Client Security бағдарламасының Password Manager құралын пайдалана аласыз.
Саусақ ізін оқу құрылғысының орналасуы
Саусақ ізін оқу құрылғысыпернетақтаның оң жағында орналасқан кішкентай темір сенсор.
Компьютердің үлгісіне байланысты оқу құрылғысы көлденең немесе ұзыннан бағытталуы
мүмкін. Оның екі түрі де саусағыңызды металды сенсордың үстіне тігінен тигізуіңізді
талап
етеді. Компьютеріңіздегі саусақ ізін оқу құрылғысының орны туралы ақпаратты
Компьютермен
танысу (4-бет) бөлімінен қараңыз.
70
9-тарау Қауіпсіздік