User Manual - Windows Embedded Standard 7
1
Қош келдіңіз
Компьютер параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына әрекеттерді орындау
маңызды:
●
Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды және сымсыз желіні реттеңіз.
Қосымша ақпаратты Желіге қосылу (13-бет) бөлімінен қараңыз.
●
Компьютермен танысу — компьютер мүмкіндіктері туралы қосымша мәлімет алыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін, Компьютермен танысу (4-бет) және Пернетақта, сенсорлы
тақтаның қимылдары және меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау (21-бет) бөлімдерін
қараңыз.
●
Орнатылған бағдарламалық құралды табу — компьютерде алдын ала орнатылған
бағдарламалық құралдар тізімін қараңыз:
Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) тармақтарын таңдаңыз.
Компьютермен жеткізілетін бағдарламалық құралды пайдалану туралы толық ақпаратты
бағдарламалық құралдың өндірушісі берген нұсқаулардан қараңыз. Нұсқаулар
бағдарламалық құралмен бірге берілуі немесе өндірушінің веб-торабында болуы мүмкін.
1










