User Manual - Windows Embedded Standard 7

Түймешік пен үндеткіштер
Бөлік Сипаттама
(1)
Қуат түймешігі
Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін
түймешікті басыңыз.
Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін
түймешікті аз уақыт басыңыз.
Компьютер ұйқылық күйде болғанда, ұйқы күйінен
шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған
ақпараттар жойылады.
Компьютер жауап беруді тоқтатса және Windows
жүйесінің өшіру процедуралары көмектеспесе,
компьютерді өшіру үшін қуат түймешігін кем дегенде 5
секунд басып тұрыңыз.
Қуат параметрлеріңіз туралы қосымша ақпарат алу үшін:
Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) >
Система и безопасность (Жүйе және қауіпсіздік) >
Параметры электропитания (Қуат параметрлері)
тармақтарын таңдаңыз.
(2)
Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады.
(3)
Сымсыз байланыс түймешігі Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосып-өшіреді, бірақ
сымсыз байланыс орнатпайды.
(4)
Дыбыс деңгейін өшіру түймешігі Үндеткіш дыбысын өшіреді және қайта қосады.
Үстіңгі жағы
9