User Manual - Windows Embedded Standard 7

© Copyright 2014 Hewlett-Packard
Development Company, L.P.
Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі
болып табылады және оны Hewlett-
Packard компаниясы лицензия бойынша
пайдаланады. SD Logo өз меншік
иесінің сауда белгісі. Java Sun
Microsystems, Inc корпорациясының АҚШ-
тағы сауда белгісі. Microsoft және
Windows Microsoft компаниялар
тобының АҚШ-та тіркелген сауда
белгілері.
Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз
өзгертіледі. HP өнімдері мен
қызметтеріне кепілдік тек осындай
өнімдермен және қызметтермен бірге
келетін тікелей кепілдік
мәлімдемелерінде беріледі. Осы
құжаттағы ешқандай мәліметтер
қосымша кепілдік деп түсінілмеуі тиіс.
HP компаниясы осы құжаттағы
техникалық немесе редакторлық
қателерге
, не болмаса қалып кеткен
мәліметтер үшін жауапты емес.
Бірінші басылым: қыркүйек, 2014 ж.
Құжат бөлігінің нөмірі 779567-DF1
Өнім ескертуі
Пайдаланушы нұсқаулығы көптеген
модельдерге бірдей болатын
мүмкіндіктерді сипаттайды. Кейбір
мүмкіндіктер компьютеріңізде болмауы
мүмкін.
Соңғы ашылған пайдаланушы
нұсқаулығын ашу үшін,
http://www.hp.com/support мекенжайы
бойынша сілтемені ашып, еліңізді
таңдаңыз. Драйверы и загрузки
(Драйверлер мен жүктеулер) тармағын
таңдаңыз, одан кейін экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
Бағдарламалық құрал шарттары
Осы дербес компьютерде алдын ала
орнатылған кез келген бағдарламалық
құрал өнімін орнату, көшіру, жүктеп алу
немесе басқа жолмен пайдалану арқылы,
HP Түпкі пайдаланушы лицензиялық
келісіміне (EULA) бағынуға келісесіз.
Егер сіз осы лицензиялық шарттармен
келіспесеңіз, қолданылмаған өнім
қаражатын қайтару ережелеріне сәйкес
төленген қаражатты толық қайтарып алу
үшін, пайдаланбаған өнімді (аппараттық
және бағдарламалық құралды) 14 күн
ішінде сатушыға қайтаруыңызға болады.
Қосымша ақпарат үшін немесе
компьютердің толық құнын қайтаруға
талап қалдыру үшін, сатушымен
байланысуыңызды сұраймыз.