User Manual - Windows Embedded Standard 7
Сымсыз басқару элементтерін пайдалану
Компьютердегі сымсыз құрылғыларды мына мүмкіндіктерді пайдалана отырып басқаруға
болады:
●
Сымсыз байланыс түймешігі, сымсыз байланыс қосқышы немесе сымсыз байланыс пернесі
(осы тарауда «сымсыз байланыс түймешігі» деп аталады)
●
Амалдық жүйе басқару элементтері
Сымсыз құрылғыларды қосу немесе өшіру
Сымсыз құрылғыларды сымсыз байланыс түймешігімен немесе HP Connection Manager
құралымен (таңдаулы үлгілерде ғана болады) қосуға немесе өшіруге болады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің пернетақтасында сымсыз байланыс түймешігі, сымсыз байланыс
қосқышы немесе сымсыз байланыс пернесі болуы мүмкін. «Сымсыз байланыс түймешігі»
термині осы нұсқаулықта сымсыз байланысты басқару элементтерінің барлық түрлерін
білдіреді.
HP Connection Manager құралының көмегімен сымсыз байланыс құрылғыларын өшіру үшін
▲
Тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы HP
Connection Manager белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, керекті құрылғының
жанындағы қуат түймешігін басыңыз.
-немесе-
Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Производительность и
средства (Өнімділік және құралдар) > HP Connection Manager (НР Қосылу жөнінде
көмекші
) тармақтарын, одан кейін керекті құрылғының жанындағы қуат түймешігін
басыңыз.
HP Connection Manager пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
HP Connection Manager құралы сымсыз байланыс құрылғыларын басқарудың орталығын, HP
мобильді байланыстың кең жолақты желісі арқылы Интернетке жалғанудың интерфейсін,
сондай-ақ SMS (мәтінді) хабарлар жіберудің интерфейсін қамтамасыз етеді. HP Connection
Manager бағдарламасы төмендегі құрылғыларды басқаруға мүмкіндік береді:
●
Сымсыз жергілікті желі (WLAN)/Wi-Fi;
●
Сымсыз ғаламдық желі (WWAN)/HP мобильді байланыстың кең жолақты желісі;
●
Bluetooth
HP Connection Manager құралы байланыс күйі, қуат күйі, SIM мәліметтері және SMS хабарлары
жайында ақпарат және хабарландыру береді. Күй ақпараты мен хабарландырулар тапсырмалар
тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағында беріледі
.
HP Connection Manager құралын ашу үшін
▲
Тапсырмалар тақтасындағы HP Connection Manager белгішесін басыңыз.
-немесе-
Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Производительность и средства
(Өнімділік және құралдар) > HP Connection Manager (НР Қосылу жөнінде көмекші) тармағын
таңдаңыз.
14
3-тарау Желіге қосылу










