User Manual - Windows Embedded Standard 7
Мобильді байланыстың кең жолақты қызметін іске қосу үшін, HP мобильді байланыстың кең
жолақты желі модулінің сериялық нөмірі керек болуы мүмкін. Сериялық нөмірі компьютердің
батарея ұясындағы жапсырмада берілген.
Кейбір мобильді желі операторлары SIM картасын пайдалануды талап етеді. SIM картасында
жеке идентификациялық нөмір
(PIN), сондай-ақ желі туралы ақпарат сияқты жалпы ақпарат
қамтылады. Кейбір компьютерлердің батарея ұясында SIM алдын ала орнатылады. Егер SIM
картасы алдын ала орнатылмаған болса, ол компьютермен бірге берілетін HP мобильді кең
жолақты байланысы ақпаратының ішінде берілуі немесе мобильді желі операторы оны
компьютерден бөлек беруі мүмкін.
SIM картасын салу және шығару туралы ақпарат алу үшін, осы тараудың SIM картасын салу
және шығару (18-бет) бөлімін қараңыз.
НР мобильді кең жолақты модулі туралы және таңдаулы мобильді желілер операторы арқылы
қызметті іске қосу әдісі туралы мәліметтер алу үшін, компьютерге енгізілген НР мобильді кең
жолақты модулі туралы ақпаратты қараңыз.
SIM картасын салу және шығару
ЕСКЕРТУ: Қосқыштарға зақым келтіруді болдырмау үшін SIM картасын орналастыру кезінде
қатты күш салмаңыз.
SIM картасын салу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді сөндіріңіз.
2. Дисплейді жабыңыз.
3. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
4. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
5. Компьютерді аударып, қызмет көрсету қақпағын өзіңізге қаратып, жалпақ бетке
орналастырыңыз.
6. Қызмет көрсету үшін ашатын есікті алыңыз (Қызмет көрсету үшін ашатын есікті шешу
(48-бет) бөлімін қараңыз).
7. Батареяны шығарып алыңыз (Батареяны шығарып алу (37-бет) бөлімін қараңыз).
18
3-тарау Желіге қосылу










