User Manual - Windows Embedded Standard 7
8. SIM картасын SIM ұясына салып, ол өз орнында тығыз түскенше SIM картасын оның
ұясына жайлап басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің SIM картасының көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сәл
өзгешелеу болуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: SIM картасының компьютерге салынатын бағытын анықтау үшін, батарея
орнындағы суретті қараңыз.
9. Батареяны салыңыз (Батареяны салу (36-бет) қараңыз).
ЕСКЕРТПЕ: Егер батарея орнына салынбаса, HP Mobile Broadband модулі өшеді.
10. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (Қызмет көрсету үшін ашатын есікті
орнына салу (48-бет) бөлімін қараңыз).
11. Сыртқы қуатты қайтадан қосыңыз.
12. Сыртқы құрылғыларды қайтадан қосыңыз.
13. Компьютерді қосыңыз.
SIM картасын шығарып алу үшін картаны басып, оны ұясынан шығарып алыңыз.
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану
Bluetooth құрылғысы әдетте мына электрондық құрылғыларды байланыстыратын физикалық
кабель қосылымдарын ауыстыратын қысқа ауқымды сымсыз байланыстарды қамтамасыз етеді.
●
Компьютерлер (жұмыс үстелі, ноутбук, қалта компьютері)
●
Телефондар (ұялы, сымсыз, смартфон)
●
Сурет түсіретін құрылғылар (принтер, камера)
●
Дыбыстық құрылғылар (гарнитура, үндеткіштер)
●
Тінтуір
Bluetooth құрылғысы Bluetooth құрылғыларының дербес желісін орнатуға мүмкіндік беретін тең
дәрежелі мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Bluetooth құрылғыларының параметрлерін реттеу және
оларды пайдалану туралы ақпаратты
Bluetooth бағдарламалық құралының анықтамасынан
қараңыз.
Сымсыз желіге қосылу
19










