User Manual - Windows Embedded Standard 7

Жылдам пернелерді анықтау
Жылдам перне дегеніміз fn пернесінің (2) және esc пернесі (1) немесе функционалдық
пернелердің біреуінің (3) тіркесімі.
Пернелер тіркесімін пайдалану:
fn пернесін аз уақыт басыңыз, одан кейін пернелер тіркесімінің екінші пернесін басып
қалыңыз.
Пернелер тіркесімі Сипаттама
fn+esc
Жүйе ақпаратын көрсетеді.
fn+f3
Ұйқылық күйді қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей және жүйенің
басқа бөліктері өшеді, ал қуат қосулы қалады.
Ұйқылық күйден шығу үшін, қуат түймешігін басып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ: Ақпаратты жоғалтпау үшін, ұйқылық күйді қоспас бұрын жұмысты сақтаңыз.
fn+f4
Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы,
компьютерге монитор қосылған болса, fn+f4 пернелер тіркесімін қайта-қайта басу экрандық
суретті компьютер және монитордың екеуінде де бірдей көрсетілу үшін компьютер
дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырады.
Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне
стандарты арқылы қабылдайды. fn+f4 жылдам пернелері компьютерден бейне ақпарат алатын
басқа құрылғылардағы бейнелерді де ауыстырып қосуы мүмкін.
fn+f6
Үндеткіш дыбысын төмендетеді.
fn+f7
Үндеткіш дыбысын жоғарылатады.
fn+f8
Микрофонды үнсіздендіреді.
fn+f9
Экран жарықтығының деңгейін төмендетеді.
Пернетақтаны пайдалану
25