User Manual - Windows Embedded Standard 7
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес
құлақаспаптар немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қосымша
қауіпсіздік ақпаратын Заңдық
,
қауіпсіздік және экологиялық ескертпелерден қараңыз.
Пайдаланушы нұсқаулықтарын ашу үшін Пуск (Бастау) > Hewlett-Packard > Документация HP
(НР құжаттары) пәрмендерін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Дыбыс деңгейін амалдық жүйе және кейбір бағдарламалар арқылы да реттеуге
болады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютеріңіздегі дыбыс деңгейін басқару құралдарының түрі туралы ақпаратты
Компьютермен танысу (4-бет) бөлімінен қараңыз.
Құлақаспаптарды және микрофондарды қосу
Сымды құлақаспаптарды және гарнитураларды компьютердегі аудио шығыс (құлақаспап)/аудио
кіріс (микрофон) ұясына қосуға болады. Ішкі микрофоны бар гарнитуралар сатылады.
Компьютерге сымсыз құлақаспаптарды не гарнитураларды қосу үшін, құрылғы өндірушісінің
нұсқауларын орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес
құлақаспаптар немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қосымша
қауіпсіздік ақпаратын Заңдық
,
қауіпсіздік және экологиялық ескертпелерден қараңыз.
Пайдаланушы нұсқаулықтарын ашу үшін Пуск(Бастау) > Hewlett-Packard > Документация HP(НР
құжаттары
) пәрмендерін таңдаңыз.
Компьютердің аудио функцияларын тексеру
ЕСКЕРТПЕ: Жазу кезінде жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін, микрофонға тікелей сөйлеп,
дыбыс жазуды тыныш жерде орындаңыз.
Компьютердің аудио функцияларын тексеру үшін, мына қадамдарды орындаңыз:
1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оборудование и звук
(Аппараттық құрал және дыбыс) > Звук (Дыбыс) тармағын таңдаңыз.
2. Звук (Дыбыс) терезесі ашылғанда, Звуки (Дыбыстар) қойындысын басыңыз. Программные
события (Бағдарламалық оқиғалар) ішінде сигнал немесе дабыл сияқты кез келген дыбыс
оқиғасын таңдап, Проверить (Сынау) түймешігін басыңыз.
Дыбысты үндеткіштер немесе қосылған құлақаспаптар арқылы естуіңіз қажет.
Компьютердің жазу функцияларын тексеру үшін, мына қадамдарды орындаңыз:
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Стандартные (Керек-жарақтар)
> Устройство звукозаписи (Дыбысты жазу құрылғысы) тармақтарын таңдаңыз.
2. Начать запись (Жазуды бастау) түймешігін басып, микрофонмен сөйлеңіз.
3. Файлды жұмыс үстеліне сақтаңыз.
4. Мультимедиалық бағдарламаны ашыңыз және дыбысты ойнатыңыз.
Компьютерде аудио параметрлерін құптау немесе өзгерту үшін
▲
Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Аудио тармақтарын таңдаңыз.
Аудио
29










