User Manual - Windows Embedded Standard 7

ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ұйқылық күйде болғанда, желіге қосылудың кез келген түрін қосуды
немесе компьютердің кез келген функцияларын орындай алмайсыз.
Ұйқылық күйді қосу және одан шығу
Компьютер қосулы болғанда келесі жолдардың кез келгенін қолданып ұйқылық күйді қосуға
болады:
Қуат түймешігін тез басып қалыңыз.
Дисплейді жабыңыз.
Пуск (Бастау) түймешігін басып, «Завершение работы» (Жұмысты аяқтау) түймешігінің
жанындағы көрсеткіні басыңыз да, Сон (Ұйқы) белгішесін басыңыз.
Ұйқы күйінен шығу үшін
Қуат түймешігін тез басып қалыңыз.
Егер экран сөніп тұрса, оны қосыңыз.
Пернетақтадағы пернені басыңыз.
Сенсорлы тақтаны түрту немесе саусақты жылжыту.
Компьютер ұйқылық күйден шыққанда электр қуатының шамдары жанып, экранда
жұмысыңыздың тоқтаған жері көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ: Егер оянған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса, компьютерде
жұмысты жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
Қуат өлшегіш пен қуат параметрлерін пайдалану
Қуат өлшегіш хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан.
Қуат көрсеткіші қуат параметрлеріне жылдам кіруге және қалған батарея зарядын көруге
мүмкіндік береді.
Батарея зарядының қалған пайыздағы деңгейін және ағымдағы қуат жоспарын экранда
көрсету үшін, меңзерді қуат өлшегіш белгішесінің үстінен жүргізіңіз.
Қуат параметрлерін ашу немесе қуат жоспарын өзгерту үшін, қуат өлшегіш белгішесін
басып, тізімнен бір тармақты таңдаңыз.
Әртүрлі қуат көрсеткішінің белгішелері компьютердің батарея қуатымен немесе сыртқы
қуатпен жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. «Заряд төмен» деңгейіне немесе «Заряд өте төмен»
деңгейіне жеткенде, белгіше хабар шығарады.
Оянған кезде сұралатын құпиясөзбен қорғау
Компьютер ұйқы күйінен шыққанда, компьютерде құпия сөз сұралуын орнату үшін, осы
қадамдарды орындаңыз:
1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Система и безопасность (Жүйе
және қауіпсіздік) > Электропитание (Қуат параметрлері) тармақтарын таңдаңыз.
2. Сол жақ тақтадан Запрашивать пароль при пробуждении (Оянғанда құпия сөз сұрау)
тармағын таңдаңыз.
34
6-тарау Қуатты басқару