User Manual - Windows Embedded Standard 7
электропитания (Қуат параметрлерін) қолдану басымдықтарының жиынтығы шамдарға әсер
етпейді.
Төмен батарея деңгейлерін анықтау
Компьютердің жалғыз қуат көзі болатын батарея заряды төмен батарея деңгейіне жеткенде,
батарея шамы жыпылықтайды.
●
Батарея шамы (тек таңдаулы үлгілерде) батарея зарядының төмен немесе тым төмен
деңгейін көрсетеді.
– немесе –
●
Хабарландыру аймағындағы қуат өлшегіштің белгішесі төмен немесе өте төмен заряд
деңгейі туралы хабарландыру береді.
ЕСКЕРТПЕ: Қуат көрсеткіші туралы қосымша ақпарат алу үшін, Қуат өлшегіш пен қуат
параметрлерін пайдалану (34-бет) бөлімін қараңыз.
Егер компьютер қосулы немесе ұйқылық күйде болса, компьютерде ұйқылық күй қысқа уақытқа
қосылады да, компьютер өшіріледі. Барлық сақталмаған ақпарат жоғалады.
Төмен батарея деңгейі мәселесін шешу
Сыртқы қуат қолданылғанда төмен батарея деңгейін шешу
▲
Мына құрылғылардың біреуін жалғаңыз:
●
Айнымалы ток адаптері
●
Қосымша жалғау немесе кеңейту құрылғысы
●
НР компаниясынан қосалқы құрал ретінде сатып алынатын қосымша қуат адаптері
Ешқандай қуат көзі болмағанда төмен батарея деңгейін шешу
Ешқандай қуат көзі болмаған кезде, батареядағы зарядтың деңгейі төмен болса, жұмысты
сақтаңыз да, компьютерді өшіріңіз.
Батареяны салу және шығарып алу
Батареяны салу
Батареяны салу үшін
1. Компьютерді аударып, қызмет көрсету қақпағын өзіңізге қаратып, жалпақ бетке
орналастырыңыз
.
2. Қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз (Қызмет көрсету үшін ашатын есікті шешу
(48-бет) бөлімін қараңыз).
3. Батареяны (1) батареяны ұясына салып, оны (2) ұясына нық отырғанша басыңыз.
36
6-тарау Қуатты басқару










