User Manual - Windows Embedded Standard 7

Айнымалы ток адаптерін тексеру
Айнымалы ток қуат көзіне жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток
адаптерін тексеріңіз:
Компьютер қосылмайды.
Дисплей қосылмайды.
Қуат шамдары жанбайды.
Айнымалы ток адаптерін тексеру:
ЕСКЕРТПЕ: Келесі нұсқаулар пайдаланушы ауыстыратын батареясы бар компьютерлерге
қатысты қолданылады.
1. Компьютерді сөндіріңіз.
2. Қызмет көрсету үшін ашатын есікті алыңыз (Қызмет көрсету үшін ашатын есікті шешу
(48-бет) бөлімін қараңыз).
3. Батареяны шығарып алыңыз (Батареяны шығарып алу (37-бет) бөлімін қараңыз).
4. Айнымалы ток адаптерін компьютерге және ауыспалы ток розеткасына жалғаңыз.
5. Компьютерді қосыңыз.
Қуат шамдары жанса, айнымалы ток адаптері дұрыс істеп тұр.
Егер қуат шамдары сөніп тұрса, айнымалы ток адаптері жұмыс істемейді және оны
ауыстыру қажет
.
Айнымалы токтың қуат адаптерін ауыстыруды орындау туралы ақпарат алу үшін қолдау
қызметімен байланысыңыз.
Қуат параметрлерін орнату
41