User Manual - Windows Embedded Standard 7
Қатты дискіні шығарып алу
Қатты дискіні шығару үшін:
1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
3. Компьютерді тегіс жерге теріс аударып қойыңыз.
4. Қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз (Қызмет көрсету үшін ашатын есікті шешу
(48-бет) бөлімін қараңыз).
5. Батареяны шығарып алыңыз (Батареяны шығарып алу (37-бет) бөлімін қараңыз).
6. Қатты дискідегі 4 бұранданы бұрап босатыңыз (1). Қатты дискіні ажырату үшін оның
құлақшасын (2) тартыңыз.
7. Қатты дискіні (3) қатты диск орнынан жоғары көтеріп шығарыңыз.
Қатты дискіні орнату
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сәл өзгешелеу болуы мүмкін.
Қатты дискіні орнату үшін:
1. Пластик ілгегін қолданып, қатты дискті қатты диск ұясына бұрыш жасап (1) енгізіңіз.
2. Қатты диск жетегін жалғағышқа жалғау үшін, пластмассалық тілді (2) компьютердің
жиегіне қарай тартыңыз.
50
8-тарау Дискілер










