User Manual - Windows Embedded Standard 7

9
Қауіпсіздік
Компьютерді қорғау
Windows амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері және
Windows жүйесіне кірмейтін Setup Utility (BIOS) құралы жеке параметрлеріңіз бен
деректеріңізді әртүрлі қауіптерден қорғауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыштар сияқты әрекет ету үшін жасалған. Бұл
сақтандырғыштар өнімді күтімсіз ұстаудан немесе ұрланудан қорғамауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютеріңізді жөндеуге жібермес бұрын, барлық құпия файлдардың көшірмесін
жасап алып, өшіріңіз және барлық құпия сөздерді алып тастаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Осы тарауда сипатталған кейбір мүмкіндіктер компьютеріңізде болмауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютеріңіз Computrace құралын қолдай алады, бұл онлайн қауіпсіздікке
негізделетін қадағалау және қалпына келтіру қызметі кейбір аймақтарда қолжетімді болады.
Егер компьютер ұрланған болса, рұқсаты жоқ пайдаланушы Интернетке кіргенде Computrace
құралы компьютердің ізін қадағалай алады. Computrace құралын пайдалану үшін,
бағдарламалық құралды сатып алып, қызметке жазылуыңыз тиіс. Computrace бағдарламалық
құралына тапсырыс беру туралы ақпаратты алу үшін, http://hp-pt.absolute.com мекенжайы
бойынша веб-торапқа өтіңіз.
Компьютер қаупі Қорғау қызметі
Computer Setup қызметіне рұқсатсыз кіру (f10) Computer Setup қызметіндегі BIOS әкімшісінің құпия сөзі*
Қосымша сыртқы оптикалық дисктен (тек таңдаулы
үлгілерде), қосымша сыртқы қатты дисктен (тек таңдаулы
үлгілерде) немесе ішкі желілік адаптерден рұқсатсыз
бастау
Computer Setup қызметіндегі жүктеу параметрлерінің
мүмкіндігі*
Пайдаланушылардың есептiк жазбаларын рұқсатсыз
пайдалану
Windows пайдаланушы құпия сөзі
Computer Setup параметрлеріне және жүйенің басқа
идентификациялық ақпаратына рұқсатсыз кіру
Computer Setup қызметіндегі BIOS әкімшісінің құпия сөзі*
Компьютердің орнын рұқсатсыз ауыстыру Қауіпсіздік кабелінің ұясы (қосымша қауіпсіздік
кабелімен бірге пайдаланылады)
*Амалдық жүйе жұмыс жасамай немесе жүктелмей тұрғанда да қолданыла беретін тұрақты еске сақтау құрылғысына
негізделген Computer Setup утилитасы алдын ала орнатылған. Computer Setup қызметінде шарлау және таңдау үшін,
көрсеткі құрылғысын (TouchPad, көрсеткі таяқшасын немесе USB тінтуірін) немесе пернетақтаны қолдануға болады.
Құпия сөздерді пайдалану
Құпия сөз — компьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа кіруді
басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін
. Құпия
сөздер Windows жүйесінің немесе компьютерде алдын ала орнатылған Windows жүйесінен
басқа жүйелердің Computer Setup утилитасында (BIOS) орнатылады.
52
9-тарау Қауіпсіздік