User Manual - Windows Embedded Standard 7

7. Жаңа құпия сөз қайта сұралғанда, жолақты бос қалдырып, enter пернесін басыңыз.
8. Өзгерістерді сақтап, Computer Setup қызметінен шығу үшін, экранның төменгі сол жақ
бұрышындағы Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгерістерді
сақтау және шығу
) пәрмендерін, одан кейін enter пернесін таңдаңыз.
Бұл өзгертулер нәтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін көрінеді.
BIOS әкімші құпия сөзін енгізу
BIOS administrator password (BIOS әкімші құпия сөзі) сұралғанда, құпия сөзді теріңіз де (құпия
сөзді орнатқанда пайдаланған пернелер түрін қолданып
) enter пернесін басыңыз. BIOS әкімші
құпия сөзі енгізу әрекеті 3 рет қатар сәтсіз болса, компьютерді қайта қосып, қайта енгізіп көру
керек.
Желіаралық қалқан бағдарламасын пайдалану
Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған.
Желіаралық қалқан компьютерге және/немесе желіге орнататылатын бағдарламалық құрал
немесе аппараттық және бағдарламалық құралдың екеуінде қорғайтын шешім болуы мүмкін.
Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдау жасауға болады:
Хостқа негізделген желіаралық қалқандар — тек өзі орнатылған компьютерді қорғайтын
бағдарламалық құрал.
Желіге негізделген желіаралық қалқандар DSL немесе кабельдік модемнің және үй
желісінің арасына орнатылып, желідегі барлық компьютерлерді қорғайды.
Желіаралық қалқан орнатылған соң жүйеге және жүйеден жіберілген барлық деректер
тексеріліп пайдаланушы анықтаған қауіпсізідк белгілері бойынша салыстырылады. Осы
белгілерге сәйкес келмейтін кез келген деректер құрсауланады.
Компьютеріңізде немесе желілік жабдығыңызда желіаралық қалқан орнатылып қойылған болуы
мүмкін. Егер олай болмаса, желіаралық қалқан бағдарламалық құралын орнатуға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Белгілі бір шарттар аясында желіаралық қалқан бағдарламасы Интернет
ойындарына кіруге мүмкіндік бермейді, желіде принтер немесе файл бөлісуіне араласады,
немесе тіркелген электрондық хат қосымшаларын ашпайды. Мәселені шешу үшін, желіаралық
қалқан бағдарламасын уақытша өшіріп, қажет шаралар қолданған соң, оны қайта қосыңыз.
Мәселені шешу үшін, желіаралық бағдарламасының параметрлерін уақытша өзгертіңіз.
Желіаралық қалқан бағдарламасын пайдалану
55