User Manual - Windows Embedded Standard 7

а. Қосылған USB диск жетегі
ЕСКЕРТПЕ: HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB диск жетегіне жүктеу
туралы ақпаратты HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB құрылғысына
жүктеу (68-бет) бөлімінен қараңыз.
ә.
BIOS
2. Көрсеткі пернелердің көмегімен орындалатын диагностикалық сынақтың түрін таңдаңыз
және экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер орындалып тұрған диагностикалық сынақты тоқтату қажет болса, esc
пернесін басыңыз.
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB құрылғысына жүктеу
ЕСКЕРТПЕ: HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын жүктеп алуға арналған нұсқаулар
ағылшын тілінде ғана беріледі.
USB құрылғысына HP PC Hardware Diagnostics жүктеп алудың екі опциясы бар:
1-опция: HP PC Diagnostics басты беті — соңғы UEFI нұсқасына қатынасты береді
1. http://hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-торабына өтіңіз.
2. UEFI жүктеу сілтемесін басып, Іске қосу пәрменін таңдаңыз.
2-опция: Қолдау және драйверлер беті — алдыңғы және кейінгі нұсқалар үшін белгілі бір өнім
жүктеулерін береді
1. http://www.hp.com веб-торабына өтіңіз.
2. Меңзерді беттің жоғарғы жағында орналасқан Support (Қолдау) пәрменінің үстіне
орналасып, Download Drivers (Драйверлерді жүктеу) параметрін таңдаңыз.
3. Өнім атауын мәтін өрісіне енгізіп, Go (Өту) түймешігін басыңыз.
– немесе –
Өнімді автоматты түрде анықтау үшін, Find Now (Қазір табу) пәрменін таңдаңыз.
4. Компьютер үлгісін және амалдық жүйе түрін таңдаңыз.
5. Diagnostic (Диагностикалық) бөлімде HP UEFI Support Environment (HP UEFI қолдау
ортасы) пәрменін таңдаңыз.
– немесе –
Download (Жүктеу) түймешігін басыңыз, одан кейін Run (Орындау) опциясын таңдаңыз.
68
11-тарау Computer Setup (BIOS), MultiBoot және HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)