User Guide - Windows 7
Бейне
Бұл HP компьютері таңдаулы веб-тораптардағы таратылатын бейнені көруге және желіге қосылмай-
ақ компьютерден тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік беретін қуатты
бейне құрылғысы болып табылады.
Көруге байланысты әрекеттеріңізді жақсарту мақсатында компьютерді сыртқы монитор, проектор
немесе теледидарға қосу үшін, бейне порттардың бірін пайдаланыңыз. Ал кейбір компьютерлерде
ажыратымдылығы жоғары мониторды немесе теледидарды қосуға мүмкіндік беретін HDMI порты
болуы мүмкін.
Компьютерде мына сыртқы бейне порттардың біреуі немесе бірнешеуі болуы мүмкін:
●
VGA
●
HDMI (Ажыратымдылығы жоғары мультимедиалық интерфейс)
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының дұрыс кабель арқылы компьютердегі дұрыс ұяға қауіпсіз
түрде жалғанғандығына көз жеткізіңіз. Сұрақтарыңыз болса, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын
қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердегі бейне порттары туралы ақпаратты Компьютермен танысу (3-бет)
бөлімінен қараңыз.
VGA
Сыртқы монитор порты немесе VGA порты сыртқы VGA монитор немесе VGA проекторы секілді VGA
дисплей құрылғыларын компьютерге жалғайтын аналогтық дисплей интерфейсі.
1. VGA дисплей құрылғысын жалғау үшін, құрылғы кабелін сыртқы монитор портына қосыңыз.
2. Экрандағы суретті 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, fn+f4 пернелер тіркесімін
басыңыз:
●
ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
●
Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру.
●
Кеңейтілген: экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру.
●
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
fn+f4 пернелер тіркесімі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
Бейне 33