User Guide - Windows 7

HP 3D DriveGuard бағдарламасын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Төмендегі жағдайлардың біреуі орын алса, HP 3D DriveGuard бағдарламасы дискіні өшіру және дерек
сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды.
Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз.
Батарея қуатымен істеп тұрған компьютерді дисплейі жабулы күйінде жылжытасыз.
Осы оқиғалардың бірі аяқталғаннан кейін біраз уақыт өткен соң, HP 3D DriveGuard қатты дискіні
қалыпты жұмысына қайтарады.
ЕСКЕРТПЕ: Қатты күйдегі дискінің құрамында қозғалатын бөлшектер болмағандықтан, оны HP 3D
DriveGuard арқылы қорғаудың қажеті жоқ.
ЕСКЕРТПЕ: Бастапқы қатты диск ұясындағы немесе қосымша ұясындағы қатты дискілер HP 3D
DriveGuard арқылы қорғалады. Қосымша қондыру құрылғысына орнатылған немесе USB портына
қосылған қатты диск HP 3D DriveGuard арқылы қорғалмайды.
Қосымша ақпаратты HP 3D DriveGuard бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
HP 3D DriveGuard күйін анықтау
Компьютердегі қатты диск шамы бастапқы қатты диск ұясындағы және (немесе) қосымша қатты диск
ұясындағы (тек таңдаулы үлгілерде) дискінің қауіпсіз позицияға орнатылғанын көрсету үшін түсті
өзгертеді. Дискінің қазіргі уақытта қорғалып тұрғанын немесе дискінің қауіпсіз позицияға
орнатылғанын анықтау үшін, Windows жұмыс үстелінің тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде
орналасқан хабарландыру аймағындағы немесе Мобильділік орталығындағы белгішені басыңыз.
Қатты дискілерді пайдалану 55