User Guide - Windows 10
Table Of Contents
- Қош келдіңіз
- Бөліктер
- Желі қосылымдары
- Сымсыз желіге қосылу
- Сымды желіге қосылу
- Экранда шолу
- Ойын-сауық мүмкіндіктері
- Қуатты басқару
- Компьютерді өшіру (сөндіру)
- Қуат параметрлерін орнату
- Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану
- Батарея қуатын пайдалану
- Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану
- Қауіпсіздік
- Компьютерді қорғау
- Құпия сөздерді пайдалану
- Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану
- Желіаралық қалқан бағдарламалық құралын пайдалану
- Қорғаныс жүйесінің маңызды жаңартуларын орнату
- HP Client Security бағдарламасын пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
- HP Touchpoint Manager бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану
- Қосымша қауіпсіздік кабелін орнату
- Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану (тек қана таңдаулы өнімдерде)
- Күтім
- Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру
- Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure Start
- HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)
- Техникалық сипаттамасы
- Электростатикалық разряд
- Қолжетімділік
- Индекс

1 Қош келдіңіз
Компьютерді орнатқан және тіркеген соң, зерделі қаржыландырудың ең көбін алу үшін келесі
қадамдарды орындауды ұсынамыз:
●
КЕҢЕС: Ашық тұрған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен компьютердің бастау
экранына жылдам оралу үшін, пернетақтадағы Windows пернесін басыңыз. Windows
пернесін қайта басу алдыңғы экранға қайтарады.
●
Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды және сымсыз желіні реттеңіз. Қосымша
ақпаратты Желі қосылымдары (19-бет) бөлімінен қараңыз.
●
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңарту — вирустардан болатын зақымнан
компьютерді қорғаңыз. Бағдарламалық құрал компьютерде алдын ала орнатылып келеді.
Қосымша ақпаратты Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану (49-бет) бөлімінен
қараңыз.
●
Компьютермен танысу — компьютер мүмкіндіктері туралы қосымша мәлімет алыңыз. Қосымша
ақпарат алу үшін, Бөліктер (4-бет) және Экранда шолу (25-бет) бөлімдерін қараңыз.
●
Орнатылған бағдарламалық құралды табу — компьютерде алдын ала орнатылған
бағдарламалық құралдар тізімін қараңыз:
Пуск (Бастау) түймесін басып, Все программы (Барлық бағдарламалар) опциясын таңдаңыз.
– немесе –
Пуск (Бастау) түймесін тінтуірдің оң жағымен басып, содан кейін Программы и компоненты
(Бағдарламалар мен мүмкіндіктер) опциясын таңдаңыз.
●
Қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру флэш жетегін жасау арқылы қатты дискінің
сақтық көшірмесін жасаңыз. Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру (58-бет) бөлімін
қараңыз.
1