User Guide - Windows 10
Table Of Contents
- Қош келдіңіз
- Бөліктер
- Желі қосылымдары
- Сымсыз желіге қосылу
- Сымды желіге қосылу
- Экранда шолу
- Ойын-сауық мүмкіндіктері
- Қуатты басқару
- Компьютерді өшіру (сөндіру)
- Қуат параметрлерін орнату
- Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану
- Батарея қуатын пайдалану
- Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану
- Қауіпсіздік
- Компьютерді қорғау
- Құпия сөздерді пайдалану
- Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану
- Желіаралық қалқан бағдарламалық құралын пайдалану
- Қорғаныс жүйесінің маңызды жаңартуларын орнату
- HP Client Security бағдарламасын пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
- HP Touchpoint Manager бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану
- Қосымша қауіпсіздік кабелін орнату
- Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану (тек қана таңдаулы өнімдерде)
- Күтім
- Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру
- Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure Start
- HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)
- Техникалық сипаттамасы
- Электростатикалық разряд
- Қолжетімділік
- Индекс

Дисплей
Бөлік Сипаттама
(1) Сымсыз антенналар* (тек таңдаулы үлгілерде) Сымсыз жергілікті аймақтық желілермен (WLAN) және сымсыз
жаһандық желілермен (WWAN) байланыста болу үшін сымсыз
байланыс сигналдарын жібереді және қабылдайды (тек
таңдаулы үлгілерде).
(2) Ішкі микрофондар (2) Дыбыс жазады.
(3) Веб-камера шамы (тек таңдаулы үлгілерде) Қосулы: веб-камера қолданылуда.
(4) Веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде) Бейнені жазады және фотосуретке түсіреді. Кейбір модельдерде
бейне ағыны мүмкіндігімен бейнеконференция мен желіде чат
сеанстарын ұйымдастыруға болады.
Веб-камераны пайдалану үшін
▲
Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында камера сөзін
жазып, одан кейін Камера бөлімін таңдаңыз.
*Бұл антенналар компьютердің сыртынан көрінбейді. Жақсы таратылым үшін антенналардың айналасындағы аймақтарды
тез арада кедергілерден тазалаңыз.
Сымсыз байланыс ережелері туралы ескертпелерді көру үшін, мемлекетіңізде немесе аймағыңызда қолданылатын Заңдық,
қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер нұсқаулығын қараңыз.
Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін:
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant бағдарламасын
таңдаңыз.
– немесе –
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз.
2. Мой ПК (Менің ДК) опциясын, Спецификации (Сипаттамалар) қойыншасын, Руководства пользователя (Пайдаланушы
нұсқаулықтары) опциясын таңдаңыз.
Дисплей 7